Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен басталған Дүниежүзілік сайлау күні биыл жиырмасыншы рет атап өтіледі. Бұл – сайлау жөнінде халықаралық келісімдерге қол қойылған күн.

Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып кіргендіктен, еркін және бәсекелі сайлау өткізу бойынша қабылдаған барлық міндеттемесін орындауға күш салып келеді.

Еліміз тәуелсіздік алған кезеңдердерден бері қарай ірі сайлау науқандары өткізілді. Атап айтқанда – 1995 жылғы Президент өкілеттігін ұзарту және Конституцияны қабылдау туралы, 2022 жылғы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум, 2024 жылғы АЭС салу туралы референдум, одан кейінгі Президент, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлаулары өткізілді. Сондай-ақ 2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау пилоттық режимде жүзеге асырылды. Бұған қоса 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің сайлауы енгізіліп, қазіргі уақытта ауыл әкімдерін халық тікелей сайлайды.

Биыл Қызылорда қаласында өкілеттік мерзімі аяқталатын бірқатар ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ел аманатын арқалап, халыққа қызмет жасауды мақсат тұтқан сала мамандары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді басты назарға алып, бұл бағытта учаскелік сайлау комиссияларын арнайы дауыс беру кабиналарымен жабдықтауды қолға алды.

Межеленген міндеттер мерзімінде, өзекті мәселелер өз уақытында орын­далады. Әрбір сайлау комиссиясы сай­лау процестерін заң аясында және ашықтық қағидатына сай өткізуге әрдайым мүдделі.

Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған