«АMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен бүгін «Жер аманаты» жобасы аясында ашық есік күні өтті.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, «Жер аманаты» облыстық комиссиясының мүшелері қатысты.
Шара барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова «Жер аманаты» жобасының мақсаты міндеті мен арнайы құрылған «Жер аманаты» облыстық комиссиясы тарапынан өңірде атқаралып жатқан жұмыстарды кеңінен атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылым жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын. Осыған орай «AMANAT» партиясының жанынан барлық өңірлерде «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде өткен жылы еліміз бойынша 5 млн, облыс бойынша 157 мың га жер, мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл да облыста мақсатсыз пайдаланылып немесе бос жатқан 200 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Комиссия жұмысының нәтижесінде бүгінгі күні жоспарланған 200 мың гектар жердің 91,1 мың гектары мемлекетке қайтарылып, жоспар 45,5 %-ға орындалып отыр. Бұл жерлер халық игілігіне пайдаланылатын болады»,- деді Ләйлә Төрешова.
Ашық есік күніне жиырмаға жуық тұрғын келді. Олар қосалқы шаруашылыққа жер алу, мал жайлымы үшін жер алудың жолдары, жер үлесін, кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскесін алу сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылық жер жер учаскесі бойынша жер комиссиясының теріс қорытындысына шағым айтып келді.
Әрбір азаматтың өтініші бойынша нақты заңнамалық кеңестер беріліп, мәселені шешу жолдары түсіндірілді.