Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024 жылы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарының орындалу барысы талқыланды.
Аталмыш мәселе бойынша баяндаған Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Кушеков Марат Жұбатқанұлының мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында биыл 70 мың гектар жер телімін қайтару көзделген. Соның негізінде, жыл қортындысымен 77 519 гектарды құрайтын 121 ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып, жылдық жоспар 110,7 % орындалды.

Аталмыш мәселелерді қарқынды жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің 20.02.2023 жылғы № 33-Ө өкімімен «Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді алып қою жөніндегі» облыстық жұмыс топ құрылып, төрт рет жұмыс топ отырысы өткізілген.

2022-2024 жылдары қайтарылған 460,1 мың га жерлердің 52,8 мың га шаруашылық жүргізу мақсатында конкурс арқылы қайта айналымға енгізілді.
Бұдан бөлек 2022-2024 жылдары жергілікті атқарушы органдарымен өткізілген конкурс арқылы мемлекеттік босалқы жерлерден жалпы көлемі 211,2 мың га жерлер ауыл шаруашылығы айналымына қосылды.

Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары алдағы уақытта да партияның Жол картасы аясында жалғасын табатын болады. Мәселен, келер жылы Республика бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланатын 2 миллион гектар жер учаскелерді мемлекетке қайтару жоспарланған.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған