Биылғы жылы да ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша міндеттер тұр. Оның ішінде салықтық түсімдер көздерін, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту. Ең маңыздысы тұрақтылықты нығайту.

Өткен жыл атқарылар жұмыстар ауқымды, биылғы жылғы мақсат – міндеттер де жоғары, жоспарланған жұмыстарды іске асыруға аймақ басшысы тарапынан үлкен қолдаулар жасалуда.

2023 жылы ауданда 3,2 млрд. теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін Республикалық бюджеттен 884,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге және аудандық бюджеттен 107,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Жол құрылысы 8 жоба. Жалпы құны – 1 млрд. 781,0 млн. теңге.

Аяқ су 2 жоба. Жалпы құны – 82,6 млн. теңге.

Көпірлерді жөндеу 1 жоба. Жалпы құны – 184,9 млн. теңге.

ИКИ 5 жоба. Жалпы құны – 964,8 млн. теңге.

Ауыз су 3 жоба. Жалпы құны – 39,5 млн. теңге.

Абаттандыру 6 жоба. Жалпы құны – 107,8 млн. теңге.

Сонымен қатар аудан бойынша 14,1 млрд. теңгені құрайтын 39 жобаның құжаттары дайын. Оның ішінде Республикалық бюджеттің қаңтар айында өтетін нақтылануына жалпы құны 2 млрд. 708 млн. теңгені құрайтын 13 жоба ұсынылды.

Ақсу елді мекенін газдандыру – 545,2 млн теңге;

М.Шәменов елді мекенін газдандыру – 684,0 млн теңге;

Есет батыр ауылының тұрғын үй секторының электр желілері құрылысы – 357,0 млн теңге;

Т.Жүргенов ауылының тұрғын үй секторының электр желілері құрылысы – 423,9 млн теңге;

Мырзабай ахун ауылының тұрғын үй секторының электр желілері құрылысы – 148,4 млн теңге;

М.Шәменов ауылдық округінің 2 көшесінің (оң жақ жағалау, сол жақ жағалау) құрылыс жұмыстары – 86,5 млн теңге;

Бұқарбай батыр ауылдық округінің 11 көшесінің құрылысы – 403,2 млн теңге;

Жалағаш кентіндегі Т.Үркімбаев №1 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу – 2,9 млн теңге;

Жалағаш кентіндегі Т.Үркімбаев №2 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу – 2,9 млн теңге;

– Аудандық «Наркескен» спорт клубының жылу жүйесін газге ауыстыру – 16,0 млн теңге;

– Аудандық ішкі саясат бөлімінің жылу жүйесін газге ауыстыру – 6,5 млн. теңге;

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жылу жүйесін газге ауыстыру – 12,3 млн. теңге;

– Аудандық орталықтандырылған кітапхананың жылу жүйесін газге ауыстыру – 19,4 млн. теңге.

Бұдан бөлек, 1 млрд. 253,0 млн. теңгені құрайтын 3 нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

– Жалағаш кентіндегі орталық стадионды қайта жаңғырту. Сараптамаға дейінгі жоба құны 565,6 млн. теңге;

– Жалағаш кентінде қоқыс полигонын (сұрыптау алаңы) салу. Сараптамаға дейінгі жоба құны 526,0 млн. теңге;

– Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйі ғимаратының күрделі жөндеу. Сараптамаға дейінгі жоба құны 161,3 млн. теңге.

Сонымен қатар, облыстық және аудандық бюджеттен 24 нысанға жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 134,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

– Жолдар, ішкі көшелерді жөндеу – 12 жоба 42,2 млн. теңге;

– Газбен қамту – 5 жоба 42,0 млн. теңге;

– Көпір – 1 жоба 8,8 млн. теңге;

– Ауыз су – 1 жоба 4,2 млн. теңге;

– Жарықтандыру – 1 жоба 3,6 млн. теңге;

– ИКИ – 1жоба 18,1 млн. теңге;

– Мәдениет саласы 3 жоба 15,9 млн. теңге;

МИЯ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ МА?

Қызыл мия тамырын өңдеу зауытының жұмысын жанданды­рып, қайта іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні Қытай Халық Республикасынан қажетті газ қондырғысының жабдықтары әкелініп, нысанның жылу жүйесі табиғи газ от­ынына көшірілді. Қазіргі таңда мия за­уытында 15 адам тұрақты жұмыс жа­сауда. Жұмысты бастау үшін зауытта қажетті мия тамырының қоры бар. За­уыт ағымдағы жылдың ақпан айында толық іске қосылып, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

P.S. Биылғы жылдың қаңтар айында өткен брифингте Жалағаш ауданы әкімі А.Есжанов мия зауы­тына қатысты осылай деген бо­латын. Айтылған ақпан айының да ортасына келгенімізбен әзірге зауыттың ашылғаны жөнінде ақпарат жоқ.

ЧЕХИЯДАН СИЫРЛАР КЕЛЕДІ

Аудан әкімі А.Есжановтың айту­ынша егін шаруашылығымен бірге аудан экономикасының негізгі көзі мал шаруашылығы да тұрақты даму­да. Ауданның мал шаруашылығында Батыс Қазақстан облысынан кел­ген асыл тұқымды қазақтың ақбас қашары, Ақтөбе облысынан кел­ген қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойы, Алтай өлкесі, Он­кудай өңірінен келген ақбас сиыры, бұқасы, Қарағанды облысы Шет ау­данынан келген сүт бағытындағы симментал сиырлары, Бурятия Ре­спубликасынан келген қалмақ си­ыры да бар. Енді Чехиядан да асыл тұқымды сиырлар келеді.

АРПА, БИДАЙ АС ЕКЕН…

2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасы­на сәйкес 37 052 гектарға егiс орна­ластыру жоспарлануда.

Мысалы негізгі дақыл күріш -19 800 га, бидай -750 га, қант құмайы -70 га, арпа -70 га, соя -35 га, мақсары -520 га, сүрлемдік жүгері-700 га, сұлы -5 га, қант қызылшасы -2 га, жаңа жоңышқа -4850 га, ескі жоңышқа -7200 га, картоп -646 га, көкөніс -1108 га және бақша өнімдері -1296 га егіледі. Былтырғы жылы негізгі дақыл күріш 18 501 га, бидай -720 га, қант құмайы -73 га, арпа -42 га, соя -39 га, мақсары -520 га, сүрлемдік жүгері -445 га, сұлы -5 га, қант қызылшасы -2,5 га, жаңа жоңышқа -4903 га, картоп -646 га, көкөніс -1108 га және бақша өнімдері -1296 га, ескі жоңышқа -7186 га. егілген. Демек биылғы егісте күріш, бидай, арпа көлемі былтырғыдан көп.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған