Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен қала аумағында бой көтерген 900 орындық мектептің құрылыс алаңына барды. Келісім-шарт құны 5 млрд теңгеден асатын білім ордасы өткен жылдан бері салына бастаған болатын, бас мердігер – «СК Дәнекер» ЖШС.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде биыл 10 мектеп ел игілігіне табысталады. Тағы 11 білім ұясының құрылысы жүргізіледі.
Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, мерзімінде аяқтауды тапсырды.