Жолдарды су басу қаупі сақталады.

Қазақстанның Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет».
8-10 шілде аралығында аталған төрт облыста таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жауын-шашын салдарынан беткейден су ағып, өзендер деңгейінен көтеріледі. Салдарынан су басу қаупі төнеді.

«Су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

«Қазавтожол» да жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

«Дауыл кезінде қатты жаңбыр мен жел болуы мүмкін. Оның салдарынан жол көрінбей, ілінісу нашарлайды. Жылдамдықты азайтып және қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз. Кенеттен маневр жасамаңыз. Дымқыл жолда көлікті кенет бұрмаңыз және тежегішті баспаңыз, көлік сырғанауы мүмкін. Көлікті еркін жүргізіңіз», – делінген хабарламада.

Олар жүргізушілерге көліктің жарығын жағып жүргізуді ұсынып, терезе тазалағышты тексеру қажеттігін ескертті.

«Қатты жел ағашты құлатып, оның сынықтары жолда шашылып жатуы мүмкін. Сондықтан мұқият болып, кедергілерден аулақ болыңыз. Су басқан учаскелерді байқаңыз, ешқашан терең су арқылы өтпеңіз. Судан шұңқырлар көрінбей, сіздің көлігіңізге зақым келуі мүмкін», – делінген хабарламада.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған