Қызылжарма ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 6 ай қорытындысымен бюджетте 125625,9 мың теңге қаржы қаралып, 125523, 9 мың теңге игеріліп, 99,9% пайызға орындалды.
САЛЫҚ ТҮСІМІ БОЙЫНША 2025 жылдың 6 айында ауылдық округ бойынша салық түсімдерінің жоспары 29 414,0 мың теңгеге бекітіліп, бүгінгі күнге салық түсімі 40 951,0 мың теңгеге орындалып, пайыздық көрсеткіші 139,2% пайызды құрап отыр.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША Қызылжарма ауылдық округінде 2025 жылдың 6 айында 494 кәсіпкерлік субъекті тіркелген.
Жалпы 494 кәсіпкерлік субъектінің 1 ЖШС, 475 жеке кәсіпкер, 16 шаруа қожалығы және 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі бар.
2025 жылдың 6 айында «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Жұмыспен қамтудың 2021-2025 жылдарына арналған жол картасы» аясындағы «Іскер» бағдарламасы аясында 9,0 млн.теңгені құрайтын 2 жоба құжаттарын толық тапсырып, қаражаттарын алды. Сонымен қатар «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ЖШС-і арқылы 9,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды.
2025 жылдың 6 айына «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (400 АЕК) бойынша 10 жоба жоспарлануда.
Сонымен қатар «БАЙҚОҢЫР әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы бүгінгі күні 14,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба қолдау тапты.
2025 жылдың 6 айында «Бизнес-Бастау» оқу курсы аясында Қызылжарма ауылдық округінен 28 адам оқытылып, сертификаттарын алды.
Өзге де бағдарламалар аясында 37,0 млн. теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды.
Ауылдық округ бойынша 16 (он алты) шаруа қожалықтары бар. Тіркелген шаруа қожалықтары әрі қарай өз кәсібін жалғастыруға несиелендіру бағытында сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазіргі таңда, аталған 16 (он алты) шаруашылық өз кәсіптерін жасауда.
Сондай-ақ, алдағы уақытта асыл тұқымды мал басы жобасы аясында
2 жоба ұсынылуда.
Сондай-ақ, ауылымызда қайырымдылық шаралары да тұрақты жүргізіліп келеді.
2025 жылдың 6 айында қайырымдылық, қамқорлық акциялары аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы және жалғыз басты 50-ға жуық отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
2025 жылдың 6 айында ауылдағы тұрмыс деңгейі аз қамтылған 98 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы соммасы 20 млн. 905 мың 100 теңге қаржылай қолдау көрсетілді.
Қызылжарма ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 7 айында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылжарма ауылдық округіндегі көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнатуға 9 млн. 824,0 мың тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жұмысы жүргізілді.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға Қызылжарма ауылдық округіне 4 аялдама орнатуға 5,0 млн. тенге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 4 аялдама орнатылды.

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға Қызылжарма ауылдық округіндегі көшелердің жарықтандыру бағаналарын күтіп ұстау 43 млн. 315,0 мың тенге бөлініп, мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге Қызылжарма ауылдық округінің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 20 млн. 097,0 мың тенге қаралып, мердігер мекеме тарапынан санитарлық-тазалық жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде.
Көлік жолдарының ой-шұңқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 800,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Сондай-ақ «Тағзым» алаңын абаттандыруға 25 млн. 263 мың тенге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджеттен қаралған 2 347,0 мың теңгеге ауылдық округтегі орталық көшелерге ағымдағы жөндеу және 2 787,6 мың теңгеге жол белгілерін, жасанды тегіс еместік орнату және жол таңбаларын салу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек құрылыс бөлімі арқылы 3 ауыз су ұңғымсының құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 282,9 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қалалық құрылыс бөлімі арқылы ауылдың шеткі аймақтары мен ауыл орталығындағы электр желісін тартуды қажет ететін жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 67 көшеге республикалық бюджеттен 350 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен “Сәт Сервис” ЖШС жеңімпаз атанып, электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба жалпы құны 1 млрд. 915 млн. теңге.