Биылғы жыл басында қала басшылығына келген С.Қожаниязовтың қалалықтардың тұрмысын жақсарту бағытында қандай ойлары бар? Сондайақ Қызылорданың қай бағытта бағы жанар деген көпшілік сұрауын аманат етіп, Қоғам TV телеарнасының “Әкім сағаты” хабарында арнайы сұхбат жүргіздік. Сұхбаттың газетте, теледидарда жарияланғанына да бір жетіден астам уақыт өтті. Көрермендер мен оқырмандар әзірге жақсы пікір білдіруде.
Сұхбат басын қызылордалықтар үшін “ыстық” тақырып ыстық судан бастадық. Өйткені жаңа әкімнің жаңалығының бірі де көпқабатты үйлерге ыстық су әкелу. Жалпы Қызылорда қала болғалы қызылордалықтардың үлкен арманының бірі болған ыстық су мәселесі шешілгелі тұр. “Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елге сапары кезінде аймақ басшысы Н.Нәлібаев оған елдің ыстық сәлемін жеткізді». Бұл мәселеге орай қаржысын шешуге Президент Үкіметке тапсырма берді. Мәселе шешіліпақ тұр. Бірақ алда қыруар жұмыс бар.
Мәселен қала әкімі С.Қожаниязовтың айтуынша: “Жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, Үкіметке тапсырдық. Осы құжат бойынша ыстық су беру үшін өжірелердегі бойлер, жылу жүйелерінің барлығын жөндеп, нақтылағанда орнында тұрғанын жаңартамыз, жоғын жаңадан қоямыз».
Қалаға ыстық су берудің алғашқы кезеңі биыл басталады. Демек, “бір оқпен екі қоян атып алғалы” тұрмыз. Ыстық су бергеннен бөлек, үй өжірелеріндегі жылу, су, жарық желілеріндегі ақауларды да жөндеп, жаңартып аламыз. Бір қызығы сұхбатты көрген, оқығандардың көпшілігі осы өжірелердің жөнделіп, тазаратындығына қуанып жатыр. Өйткені, қазіргі өжіре тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер етіп отырғаны, оны жөндеу үшін қалталарынан біраз қаржы шығарып отырғаны анық.
Тазарған өжіре, үйге кірген ыстық судан бөлек бүгінде қат дүниенің біріне айналған электр энергиясына да, газға да үнем болып, әрі батериялардан ағатын жылы су шығыны да азайып, жылу электр орталықтарының суды жылытуға кететін қаржыны да үнемдейтіндігі жарық, жылу беретін орталық үшін де үлкен олжа екені анық. Сөз жоқ, технарь әкімнің өз сөзімен айтар болсақ бір ыстық сумен бірнеше мәселені қатар шешкісі келетінінің түйіні тариф түспесе, қымбаттамайды.