Қызылорда облысы құрылыс секторындағы жоғары өсу қарқыны бар аймақтар қатарында. Бұл туралы өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.
– «Орындалған құрылыс жұмыстары бойынша Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсім тіркелді. Әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғары өсімі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалды».
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік[1]экономикалық даму қорытындылары, республикалық бюджеттің атқарылуы, «Жастар саясатын дамыту» тұжырымдамасы мен «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» жобалары қаралды.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар