- Байтерек тұрғын ауданындағы тұрғын сектордың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 6 млн. теңгеге қуаттылығы 7200 текше метр болатын 7 ұңғыма, 3 резервуардың құрылысы басталды.
Осы жоба жүзеге асқанда «Бәйтерек» және қосымша Шанхай, КБИ тұрғын аудандарында орналасқан жеке тұрғын үйлер тұрақты қысымды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
- Былтырғы жылы бастау алған жалпы құны 225,2 млн. теңге болатын Белкөл кентінде теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін аяқтауға облыстық бюджеттен биыл 125,6 млн. теңге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Көпір жуық арада пайдалануға берілетін болады.
- Қызылжарма каналы арқылы «Бәйтерек» ықшам ауданына өтетін көпір құрылысын салуға (ОБ 100 мың теңге) мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мекеме анықталды («Стандарт Ойл» ЖШС). Бұл жоба өтпелі болып табылағандықтан, биылғы жылы аталған нысанды толық аяқтау үшін Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 366,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығының құрылысы қарқын алды.
Жерлесіміз, белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратовтың қолдауымен құны 12 млрд. теңге болатын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалының құрылысы басталды.
«Қазгермұнай» Ұлттық компаниясы басшылығы заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» жобасын бастады.
Қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының құрылысы бойынша «Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлескен жұмыстар 2025 жылы аяқталып, жаңа нысан ел игілігіне беріледі.
Газ желісі тартылмаған елді мекендердің бірі – Ақсуат ауылдық округі. Аталған округке 2022 жылы республикалық бюджеттен 4,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы, газдандыру жобасының құны 4.8 млрд. теңгені құрайды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында ауыл тұрғындары толықтай көгілдір отынның игілігін көретін болады.
Газға қосылмаған тағы бірнеше ауыл бар. Оларға да нақты жобалар әзірленді. Биыл газдандыру жобасына Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай, Досан елді мекендері енді. Оған Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 662,7 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Наурыз айының басында жеңімпаз мекеме анықталады.
Демеушілік тарапынан құны 97 млн. теңгеге Тасбөгет кентіндегі Сабалақ саяжайын газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен 511,2 млн. теңге бөлініп, Талсуат (253,5 млн. теңге) және Қарауылтөбе (257,7 млн. теңге) ауылдық округтерінде 150 орындық ауыл клубының құрылыстары жүргізілуде. Биыл бұл нысандар пайдалануға беріледі.
Осы жылдың ақпан айында 31 автобус келіп, жаңа бағыттарға енгізілді. Енді наурыз айының ортасына дейін 19 автобус келсе, меже орындалады. Одан бөлек 2023 жылға 1 млрд. 434 млн. теңгеге қосымша лизингке 150 автобус сатып алуға қаржы бағыттау үшін тиісті құжаттары рәсімделуде.
Қаладағы қоғамдық көлік қатынасындағы түйткілді мәселелерге нүкте қойылады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарында орын тапшылығы мен үш ауысымдық оқытуды болдырмау мақсатында №2 мектепке 550, №101 мектепке 375 және №264 мектепке қосымша 550 орын қосу үшін қосалқы құрылысқа қажетті 1,4 млрд. теңге бөлініп, жұмыстар басталды.
Биыл №101 мектепке 169,4 млн. теңге, Абай атындағы мектепке 325,9 млн. теңге, №264 мектепке 300 млн. теңге қосымша қаржы бөлінді.
«Бәйтерек» тұрғын ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысы да жаңа оқу жылына дейін аяқталып, оқушыларды қабылдайды.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға ірі жобалар жүзеге асады.
Сол жағалаудан 470 пәтерлі ипотекалық 10 тұрғын үй 1 млрд. теңге (Жалпы құны 8,5 млрд. теңге);
Сол жағалау мөлтек ауданынан 40 пәтерлі 1 тұрғын үй сатып алуға 562,5 млн. теңге қаралды
СПМК-70 ауданындағы №3 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын толығымен аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен 379 млн. теңге бөлінді.
Сол жағалаудан жалпы құны 1 млрд. 604,3 млн. теңгені құрайтын 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үйдің іргетасы қаланады.
Өткен жылы құрылысы бастау алған жалпы құны 8 млрд. 632,8 млн. теңгені құрайтын 13 тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілетін болады (СМПК-70 тұрғын ауданы 2 квартал – 12 үй, 3 квартал -1).
Сәулет мөлтек ауданы, Абай даңғылы және Мұратбаев көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің кварталаралық жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 922,7 млн.теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарлануда. Оның бесеуінің құрылысы биылғы жылы басталады.
Олар: 12 млрд. 961,1 млн. теңгені құрайтын Арай мөлтек ауданынан 2000 орындық, КБИ мөлтек ауданынан 600 орындық, СПМК 70 мөлтек ауданынан 2000 орындық және Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық, Сол жағалаудан 900 орындық мектеп құрылысы.
Бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар, 300 төсектік көпбейінді аурухана (онкологиялық бөлімшесімен) салуға республикалық және облыстық бюджеттерден 3 млрд. 272,4 млн. теңге бөлінді.
Тасбөгет кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға облыстық бюджеттен 542,1 млн. теңге қаралды.
- 455,5 млн. Теңгеге Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық және сол жағалаудан 400 орындық және 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернатының құрылысы жүргізіледі.
- Биылғы жылы бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы соммасы 7 млрд. 559,2 млн. теңгеге қала мен оған қарасты кент және ауылдық округтердегі 231 көше жөнделеді.
- С.Бейбарыс көшесін (Н.Назарбаев даңғылынан «Қызылорда-Құмкөл» трассасына дейін) реконструкциялауға республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд. 349 млн. теңге бөлініп отыр.
С.Бейбарыс көшесін, яғни Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін абаттандыруға 300 млн. теңге қаралып, биыл құрылысы басталады. Жоба құны 1,7 млрд. теңге.
- 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға облыстық бюджеттен 690 млн. теңге берілді.
Сырдария өзенінің сол жағалауында басты көше жолының Батыс Европа-Батыс Қытай дәлізімен жанасатын жеріне көлік айырығын салуға республикалық және облыстық бюджеттерден 5,7 млрд. теңге бөлініп, бұл жұмыстар биылғы жылы толығымен аяқталады.
- Абаттандыру жұмыстары сол жағалаудағы Абылай хан даңғылында да жалғасын табады. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 595,2 млн. теңге бөлінді.
Көпқабатты тұрғын үйлер ауласын толығымен абаттандыруға (17 аула) 300 млн. теңге бөлінді (жалпы жоба құны 833 млн. теңге).
- Аса маңызды саналатын қаладағы ауыз су және кәріз су желілерін жаңғыртуға, автоматтандыруға, инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге бюджеттерден барлығы 3 млрд. 791,1 млн. теңге бөлінді.
– Кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғыртуға РБ және ОБ-тен барлығы 1 млрд. 593 млн. теңге;
– Модульді биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыруға, электр және газбен жабдықтауға РБ және ОБ-тен 1 млрд. 634,1 млн. теңге;
– №13 «Гагарин» кәріз сорғы станциясын реконструкциялауға РБ және ОБ-тен 255,0 млн. теңге;
– «Универсам», «Шымбай» аумағында ауыз су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялауға РБ және ОБ-тен 309 млн. теңге.
Өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 555,7 млн. теңге бөлініп, 11 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылған болатын. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Яғни, 12 көпқабатты тұрғын үйді республикалық кредит есебінен бөлінетін 773,8 млн. теңгеге қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз.
Соңғы жылдары тұрғындар арасында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – көпірлер құрылысы.
Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына Ұлттық қор және облыстық бюджеттен 320,6 млн. теңге бөлініп, алдағы айларда құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алады.
Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол өтпесін салуға жоба сметалық құжаттамасын сараптама қорытындысымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 51,2 млн. теңге бөлініп, құжаттары рәсімделуде.
Биыл «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында 21 арнайы техника сатып алуға 742,8 млн. теңге бөлінді. 8 КАМАЗ, 2 трактор, 2 погрузчик, 6 FAW, 1 ассенизатор, 2 пылесос.
«Қызылорда су жүйесі» мекемесіне 7 арнайы техника сатып алуға 420,1 млн. теңге қаралды. 1 насос, 2 КАМАЗ, 2 ассенизатор, 1 газель, 1 хайс.
Тиісті министрліктерге құны 44 млрд. 203 млн. теңгеге инфрақұрылымды дамытуға (тұрғын үй құрылысы, ауыз су және кәріз су, жол құрылысы және қайта жаңғырту, газбен жабдықтау жобалары) 68 жоба және «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қосымша 5 млрд. 385 млн теңгеге 31 жоба (қиыршық тас төсеу, Баймұрат ауылына дәрігерлік амбулатория, Досан елді мекеніне медициналық пункт салу, электр желісін жүргізу, жарық бағаналарын орнату, жаяу жүргіншілер жолын салу жобалары) ұсынылды.
Барлығы 99 жоба, жалпы сомасы 49 млрд. 588,9 млн. теңгені құрайды.
Аталған жобалар мақұлданса тұрғындар көкейінде жүрген тағы да бірқатар мәселелер шешімін табатын болады.
(Қала әкімінің қалалық қоғамдық кеңес алдындағы есебінен)
Толық ақпарат «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар