Мемлекет басшысы Үкіметтің өткендегі бір жиналысында “қызылордалықтардың табысы төмендеп кетті. Бұған дейін бұлай болған жоқ” дегелі бері де біршама уақыт өтті. Көңіл әлі алаңдаулы. «Ел іші жақсы ғой, әлі-ақ көш басына ілігіп кетерміз» деп күпті көңілді жұбатып келеміз.
Кешегі Үкімет жиынында биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларын қорытқан Ұттық экономика министрі Ә.Қуантыров:
«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 5,7%-ға дейін жеделдеуі байқалады. Инвестициялар мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда 2 есеге, білім беруде 59,1%-ға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде 30,1%-ға, саудада 21,9%-ға, қаржы және сақтандыру қызметінде 20,2%-ға, жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын операцияларда 8,8%-ға, құрылыс саласында 15,7%-ға өсті.
Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалуда» – деп қуантып қойды.
Оның мәліметі бойынша 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай:
Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 4 өңірде Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді.
6 көрсеткіш бойынша оң өсуді 8 өңір көрсетті. Олар: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары,сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
5 көрсеткіш бойынша оң өсу 4 өңірде Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында байқалуда.
4 көрсеткіш бойынша оң өсу Маңғыстау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді.
3 көрсеткіш бойынша Ұлытау облысында байқалуда.
Сурет Sputnik.kz сайтынан алынды