«Адамдардың құқықтық мәдениетін дәйекті түрде арттыру, қоғамдық санада жасампаз құндылықтарды дамыту қажет. Әрбір азамат өз сөздері мен іс-әрекеттерін заң тұрғысынан бағалап, өз іс-әрекеттерінің құқықтық салдарын нақты түсінуі тиіс», ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 147 «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.
«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін қол жетімді сот төрелігіне қадам болып табылады.», ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, ол eup.kz. сайтында онлайн режимде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған. Сондай-ақ, «Zan Komegi» мобильді қосымшасы қазір қолжетімді, оның шеңберінде азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап ала алады. Жүйе 2000 мыңға жуық адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған.
Сонымен қатар, «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, ол бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі пайдаланылады, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызметтің арқасында республика бойынша Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 200 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 70 мың келісімін заңды түрде ресімдей алды.
Маңызды жетістіктердің бірден бірі – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.
Осы орайда, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, «Оңайлатылған іс жүргізу» қызметі жұмыс жасай бастады.
Оңайлатылған іс жүргізу дегеніміз – аумақтық әділет органы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыратын атқарушылық құжаттардың автоматтандырылған орындалуы.
Мәселен, жеке тұлғалармен 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда, сот, уәкілетті орган мәліметтерді ЖСО қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді.
оңайлатылған іс жүргізу қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% – жеке сот орындаушысының қызметіне қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап 2024 жылдың
31 желтоқсанын қоса алғанда облыс бойынша 297,3 млн.теңге сомасын құрайтын 13 102 атқарушылық іс қозғалды. Үнемдеу сомасы азаматтардың пайдасына 12,2 млн. теңгені құрады.
Оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі атқарушіліқ құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің 1 мемлекеттік қызметкері департаментке келген немесе телефон байланысы хабарласқан азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, жұмыстар атқаруда.
2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:
ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі-қарапайым заңгерлік консультациялар мен құжаттарды жинауға көмектесу үшін чат-бот.
Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейін өседі, бұл азаматтарды жылына 12,2 млрд теңгеге дейін үнемдейді.
Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленетін болады.
Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылық жөніндегі санасын нығайтуға және олардың құқықтары мен міндеттерін түсінуді жақсартуға ықпал етеді. Қызметтерді оңайлату жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде қазақстандықтар уақыт пен ақшаны үнемдейді, осы қызметтерді алуда қолжетімділік пен ыңғайлылық артады, сондай-ақ әкімшілік кедергілер азаяды, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.
Абсат Жандос Дәуренбекұлы
Қызылорда облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы