2021 ж. Сәуір 14

Татуластыру рәсімдері

Татуластыру рәсімдері дауласқан тараптардың ымыраға келуін мақсат етеді. Неше жылдық тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген адам талап арызды қатты ашуға булығып, асығыс беріп жатады. Азаматтық-құқықтық саладағы даулар мен дауларды шешудің маңызды рәсімдерінің бірі-татуластыру рәсімдері болып табылады. Бүгінгі таңда соттарда қоғамдағы жанжалды жағдайларды азайту мақсатында сотта да, соттан тыс тәртіпте де медиация қолданылып жүр.

Жалпы, татуласу рәсімінің қолдану аясы өте кең, оны кез-келген азаматтық қарым-қатынастарды реттеу барысында қолдануға, уақыт пен қаражатты үнемдеуге және созбалаңға салынған дауларды шешуге арналған ең басты құрал ретінде пайдалы жағынан қолдануға тиімді екенін айтуға болады. Жауапкерді сабасына түсіріп алайын деген мақсатта да сотқа жүгініп жатады. Татуластыру рәсімдері осындай даулар мен жанжалдарды соттан тыс, бірақ толығымен заңға сай шешуге мүмкіндік береді. Жылдан жылға татуластыру рәсімдері өз пайдасын тигізуде. Азаматтар мәселелерді шешуде сотқа жүгінуді оңтайлы шешім деп ойлайды. Татуластыру рәсімдері көбіне отбасылық және неке қатынастарына қатысты дауларда екіжақты татуласумен аяқталып жатады. Мұндайда татуластырушы судьяның еңбегі орасан. Қазіргі таңда татуласу рәсімін жүргізу барысында тараптарды ғана емес, сонымен қатар тараптарға татуласуға көмектесетін басқа да адамдарды шақыру құқығы берілген. Айта кету керек, сот тараптарды татуластыру үшін шаралар қолданады және оларға дауды тек талап қабылданғанға дейін ғана емес, процестің барлық сатыларында реттеуге көмектеседі. Соттың медиативтік (бітімгершілік) келісімді бекітуі тараптарды татуластыру рәсімдеріне жүгінуге сендіретін шешуші факторлардың бірі болып табылады. Көптеген адамдарға соттың келісімді бекітуі орасан мән мен күш береді, өйткені келісім жасаудың толық еріктілігіне қарамастан, ол міндетті түрде орындалуы керек. Бірақ сіз өзіңіз келіскен нәрсені орындау сот шешімін орындаудан гөрі әлдеқайда оңай және жағымды екенін түсінгеніңіз дұрыс.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы: Ф.Наят

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған