Бюджет және салық базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтсем, 2025 жылы ауылдық округтің бюджеті 160 млн. 539 мың 200 теңгеге жетіп отыр. Салық түсімдерінің жылдық жоспары 8 млн. 890 мың теңгеге бекітіліп, I-ші жартыжылдықта нақты 9 млн. 485 мың теңге түсім түсті. 2024 жылы I-ші жартыжылдықта 7 млн. 963 мың теңге түскен еді, енді 32,5% көбейіп, жылдық жоспар 106,7%-ға орындалды.
2025 жылы ауылдық округіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген маңызды шаралар жүзеге асырылып отыр. Атап айтқанда ауылдық округте экономикалық белсенді халық саны 1253 адамды құрап отыр. Оның ішінде, жұмыс жасайтындар 1103 адам болса, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 150 адам бар.
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы 2 азамат «Күміс жас» бағдарламасымен, 2 азамат жастар тәжірибесімен қамтылып, жыл басынан бері жұмыссыздар саны 5 адамды, жұмыссыздық деңгейі 0,5%-ды құрап отыр.
Мемлекет тарапынан 12 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 30 отбасына азық-түліктей және басқа да қолдау шаралары ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша ауылдық округ бойынша барлығы 191 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасайды. Жыл басынан жаңадан 5 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 1 тұрақты жұмыс орны ашылды.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бір азаматшаның мүйізді ірі қара мал басын көбейту жобасы қолдау тауып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2,8 млн. теңге несиеге қол жеткізді.
Сонымен қатар 5 ауыл тұрғыны –
7 млн. 864 мың теңге қайтарымсыз грант иеленіп, өз кәсіптерін бастады.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы құны 43,5 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылып отыр. Бағдарлама аясында кәсіпкер «Ет өндірісі, жұмысшы қолғап цехы, қымыз өндірісі, жартылай фабрикаттар өндірісі» жобасын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда барлық жобалардың құрал-жабдықтары сатып алынып, жұмысшы қолғап, жартылай фабрикаттар өнімдерін шығаруда. 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Есепті мерзімде ауылдық округ бойынша барлығы 11ауыл тұрғыны 54 млн. 194 мың теңге қаражатқа қол жеткізіп, өз жобаларын жүзеге асыруда.
Талсуат ауылдық округінде барлығы 498 отбасы тұрады. 2025 жылдың I-ші жартыжылдығына халық саны 2465 адамды құрап отыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 150. Тұрмысы төмен отбасылар саны 12. Жыл басынан бері туғандар саны 43. Зейнеткерлер 244. Жұмыссыздар саны 5.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша үстіміздегі жылы барлығы 42 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілуде. Оның ішінде: 1,8 гектары картоп, 29,4 гектары көкөніс, 11 гектары бақша дақылдары.
Мал басы 3383 басты құрап отыр. Оның ішінде 1020 мүйізді ірі қара, 986 қой-ешкі, 522 жылқы, 20 түйе, 65 шошқа, 770 құс бар.
Биыл бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда:
Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп жүрген мәселесінің бірі болып келген ауылдық округ аумағында орналасқан әлеуметтік қызмет көрсететін 3 мекемеге жаяу жүргіншілер жолын салу мен көше жарығын жүргізу мәселесі өз шешімін тапты. Жобаның жобалық сметалық құжаттамасы «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» тарапынан әзірленіп, 2025 жылы қалалық бюджеттен толық көлемде қаржыландырылды. Жобаның жалпы құны – 75,8 млн.теңге.
Сонымен қатар 1-ші тұйық көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнату бойынша жоба жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны – 2 млн. 341 мың теңге. №3 тұйық көшеге тас төсеу жұмыстары да жүргізілді. Бұл жоба бойынша бөлінген қаржы көлемі 13 млн. 279 мың теңгені құрады.
Оған қоса Жеңістің 80 жылдығы қарсаңына байланысты Тағзым алаңында абаттандыру және көркейту мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны 4 млн. 992 мың 152 теңге.
Жеке кәсіпкер Меруерт жеке массаж кабинетін ашып, толық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, халыққа қолжетімді бағада қызмет көрсетуде.
Сондай-ақ жеке кәсіпкер ЖК «Табын» Жуманова Алмагүл өз қаражаты есебінен көлік жуу нысанын іске қосып, ауыл тұрғындарына қолжетімді, әрі сапалы қызмет көрсетіп отыр.
Ақмешіт, Астана, Алматы, Отырар, Сауытбаев көшелеріне көше жарығын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамалар толық дайындалды. Жоба құны – 51,9 млн. теңге. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша облыстық энергетика басқармасы арқылы облыстық бюджетке өтінім ұсынылып, мемлекетік сатып алу конкурсы жарияланған. Жеңімпаз мердігер мекемелер анықталып, келісім-шарт жасалған, қазіргі уақытта қаржының бөлінуі күтілуде .
Құмкөл, Атырау, Ақмешіт, Нұрмағамбетов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жобасына қатысты жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жобаның жалпы құны – 53 млн. 911 мың теңге. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы облыстық бюджетке өтінім ұсынылған.Бұл жобаға мемлекетік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер мекемелер анықталып, келісім-шарт жасалған. Қаржысы күтілуде.
Сығанақ көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджетке өтінім берілген. Жоба құны – 22 млн. 44 мың теңге. Өтінім облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы ұсынылған.
Байкенжеев және Алматы көшелеріне балалар ойын алаңын орнатуға арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде. Құжаттар дайын болғаннан кейін қалалық экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.