Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Заңын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құжаттарының дұрыс рәсімделуін түсіндіру бойынша шара өткізілді.
Шараға аудандық соттың төрағасы Р.Алдамбергенов, сот мамандары мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында сот төрағасы Р.Т.Алдамбергенов заңнамадағы өзгерістердің маңыздылығын екенін атап өтіп, әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екеніне тоқталып, заң нормаларын түсіндірді.
Шара соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
Сырдария аудандық соты