Кешегі өткен мәдениет пен өнер күні мерекесі салтанатында өмір бойы осы салаға қызмет етіп келе жатқан бір топ қызылордалық өнерлі жандар мен мәдениет саласының майталмандары «Тұран» сыйлығымен марапатталды
Облыстың ең жоғары наградасы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен:
ӘЖИЕВА Қарлығаш Исақызы – Режиссер, Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласында өткен Қызылорда облысы Өнер күндерінің гала+концертіне режиссерлық жасап жоғары деңгейде өтуіне белсенділік танытты;
МАҚАШ Талғат Бақытбекұлы – Облыстық филармония басшысы, Мәдениет қайраткері
СЫЗДЫҚОВ Әбілқайыр Әбілпаттаұлы – Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
БИМБЕТОВА Шолпан Тілеубайқызы – Жыршы, Құрмет орденінің иегері марапатталды.
Әдебиет және өнер өкілдеріне арналған облыс әкімінің «Тұран» сыйлығымен:
НАУРЫЗБАЕВА Рахат – Балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы. «Ақ батамен өс балам», «Алма берсем аласың ба?», «Ару Мәншүк», «Сенің ұяң» балаларға арналған өлеңдер жинағының авторы.
ҰЗАҚБАЕВ Бегімбай – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері. Тарихи кітаптар мен Жалаңтөс Баһадүр жайлы тарихи романның авторы.
АБЫЛАЕВ Толыбай – Ақын, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі. «Махаббат дәптері», «Мерей», «Қыран шайыр», «Алақанымда Арал», «Шағала», «Арал көшіп келеді», «Аралдан соққан жел» атты жыр жинақтарынын авторы. АЯШҰЛЫ Дүйсенбек – Ақын, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі. «Өрағыс», «Жұлдызым жоғары» жыр жинақтарының авторы.
ТІЛЕУБЕРГЕНОВ Достық – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жазушы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Халыкаралық, республикалық поэзия байқауларының жеңімпазы.
ӘУЕЗОВ Елубай Жұманұлы – Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі», қазак шығармашылық бірлестігінің «Шолохов» атындағы медалінің иегері. «Мен таныған тылсым», «Түпсана жаңғырығы», «Мәнгі аңсар», «Жанымның жарығы», «Жан алабындағы Бакыт» атты жыр жинақтарының авторы.
ӘБІЛДА Ғазиза – Ақын, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі. «Таңсәрі», «Сезім-керуен», «Қыр гүлі» жыр жинақтарының авторы.
ӘМІР-ТЕМІР Хұсейін Жүсіпұлы – Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Қызылорда облысының, Құрметті Азаматы.
Хұсейін Жүсіпұлының режиссерлығымен 170-тен аса спектакльдер сахналанып, Түркия, Ұлыбритания, Шотландия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан елдерінде өткен халықаралық театрлар фестивалінде жүлделі орындарды иеленді. Ол Сыр театрының ғана емес, қазақ өнерінің дамуына орасан зор үлес қосқан өнер иесі.
АЛМАТОВ Алмас Нұрмаханұлы – Жырау, фольклортанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті Азаматы.
Сыр елінде Қорқыт бабадан бастау алған жыршылық дәстүрді насихаттаушы. Қазақтың жыраулық өнерін Жапония, Түркия, Франция, АҚШ, Италия, Швейцария, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан елдерінің өнер сүйер қауымына таныстырып келеді. Биылғы Руханият жылында облыс орталығында ашылған Жыраулар үйінің тұжырымдамасын жасақтауға үлес қосты.
АРТЫҚБАЕВА Алмагүл Шымбергенқызы – Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртісі, Мәдениет қайраткері.
Театрда 50 жылға жуық қызмет жасап, түрлі жанрдағы 100-ден аса келелі образ дарды сомдап, театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Театр ұжымымен республикалық,халықаралық фестивальдерге қатысып, «Үздік әйел» номинациясын иеленген. Алмагүл Шымбергенқызы биыл мерейлі 70 жасқа толып отыр.
ЫДЫРЫСОВ Серік Махмудұлы – Айтыскер ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, Облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері. Ұлттық өнерімізді ұлықтап, айтыс өнерінің дамуына, өнерлі ұрпақ тәрбиелеуге өзіндік үлес қосып келеді. «Жақсы екен», «Өмір толқыны», «Көшенейге арнау», «Текей батыр», «Екі дос» атты терме- толғалауларының авторы.
ӘБЖӘЛЕЛОВА Зағипа Бегманқызы – Жаңақорған аудандық архив филиалының басшысы. Архив ісі қызметінде 30 жылдан астам еңбек етіп, саланың дамуына зор үлес қосып келеді. 2023 жылдың қорытындысымен Жаңақорған аудандық архиві облыс архивтері арасында «Үздік архив» болып танылды.
МЕДЕУОВА Үміт Еменқызы –Облыстық филармония әншісі, Мәдениет қайраткері. Өнер саласында 30 жылдан аса қызмет жасап, облыстық филармония ұжымымен облыс аудандары мен елді мекендерде және Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен Оренбург қаласында концерттер беріп, қазақ өнерін алыс-жақын шетелдерде танытып келеді.
ӘЛІШ Сәукен Әлмамбетұлы – Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Қорқыт ата» атындағы Қазалы аудандық музыка мектебінің директоры. «Тәуелсіздік толғауы» республикалық композиторлар конкурсының үш мәрте лауреаты. Шығармалары «Құрманғазы», «Отырар сазы», Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрлерінде орындалуда.
ӘБЖӘЛИЕВ Ерғазы – Облыстық филармония жанындағы «Әдемі» балалар театр студиясының режиссері. 35 жылға жуық Сыр өнерінің дамуына қызмет жасап келеді. Ерғазы Әбжәлиев 15-тен аса шетел драматургтерінің балаларға арналған пьесаларын қазақ тіліне аударып, 30-дан аса спектакльді сахналаған.
НҰРЛИЕВА Ақмарал Тасполатқызы – Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында брайлист кітапханашы. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Брайль жүйесінде әдістемелік құралдар дайындап ұсынуда. Абай Құнанбаевтың 45 қара сөзін Брайль жүйесіне аударған.
ҚАНАТБАЕВА Эльмира Қожасқызы – «Қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдарының» кәсіпорын директоры, Мәдениет саласының үздігі. Қызылорда қаласы мәдениетінің өркендеуі жолында 30 жылдан аса қызмет жасап, өнер рухын көтерген көптеген жобаларды жүзеге асырған білікті ұйымдастырушы, кәсіби маман.
ЕРНИЯЗОВ Үкітай Айжігітұлы – Әнші, композитор, «Найзағай көңіл», «Бозторғай ана», «Кейде бір ағалар болады», «Сен сүйген ару» атты хит әндердің авторы. Бүгінде Үкітай Айжігітұлының әндерін қазақ эстрада әншілері республикалық сахналарда орындап келеді.
КӘРІБОЗҰЛЫ Бағдат – Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, «Құр[1]мет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақ[1]станның еңбек сіңірген қайраткері.
ӘЛБАТЫРОВА Роза – Қолөнер шебері, Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі марапатталды .
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен:
ИБРАГИМОВА Гүлнар Мұхамедиярқызы – Мәдениет саласы ардагерлері бастауыш ұйымының төрайымы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен:
ТӨЛЕПОВ Серік Садықұлы – Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртісі.
ТӨРӘЛИЕВ Жеңісбек Үсенұлы – Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі.
ҚАНИЕВА Күлшара Бөгенбайқызы – Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханасының директоры.
АСҚАР Кенже-Әлі Мақсатбайұлы – Қазалы ауданы Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблінің мүшесі.
БАЙЗАҚОВА Гүлжан Рахманбердіқызы – Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі.
ДОСЫМОВА Шолпанай Махмұдқызы – Шиелі ауданы, Досбол ауылдық клубының директоры.
ЗЕЕВА Айзада Шамшыраққызы – Қазалы ауданы, Кәукей ауылдық клубы әдіскері.
ЕРАЛИЕВ Муат Есқалиұлы – Арал ауданы, Аманөткел ауылдық мәдениет үйі жанындағы халық театрының өнерпазы.
МИРМАНОВ Нәку Бахаутдинұлы – Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әртісі.
СҮГІРБАЙ Марат Бердібайұлы – Жыршы, облыстық филармония әртісі;
АХМЕТОВА Әлия Маратқызы –«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің концерт-мейстрі.
АБИТОВ Гафур Муратжанович – Облыстық филармония «Томирис» ансамблінің бишісі.
ОРАЗҒҰЛОВ Жарылқасын Қаржаубайұлы – Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің эстрадалық оркестр әртісі марапатталды.