QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»

Автор:QAA.kz

Май 28, 2021

Қызылорда облыстық сотында «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты «Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратты халыққа жеткізу және сот құжаттарына апостиль қою бойынша қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Семинарды Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды. Ол өз сөзінде 2018 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметіне қатысты өтініштерді қабылдауға және орындауға уәкілетті орган «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып табылатынын айтып өтті.

Шара барысында Соттар әкімшісінің Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Оразкүл Қожаева «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге енгізілген соңғы өзгерістер туралы айтып өтті. Ол өз баяндамасында апостиль қою мемлекеттік қызмет жөніндегі өтінішті қабылдау мәселелерін, қажетті құжаттар тізбесін, қызмет көрсету мерзімдерін, мемлекеттік бажды төлеу тәртібін түсіндірді.

Жалпы, апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Бұрын бұл мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары арқылы немесе тікелей Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісіне жүгіну арқылы көрсетілді. Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалар бұл қызметті электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы алуға мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн көрсетіледі. Яғни мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Шара барысында бас маман О.Қожаева «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс — қимылы» блогының «мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытындыны айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *