Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, Әдеп Кодексінің сақталуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағыты мәселелері семинар сабағы өткізілді.
Семинарға департамент басшысының орынбасарлары Е.Бөрібаев және М.Асанова, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.
М.Асанова семинар сабағын ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру мәселелері бойынша баяндама жасап, бүгінде сот мамандарының біліктілігін арттыруға кең көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, кадр бөлімінің бас маманы К.Ерманова өзінің баяндамасында мемлекеттік қызметшілер Әдеп Кодексінің нормаларын сақтап, тәртіп, адалдық қағидаларын қатаң ұстану керектігін айтып өтті.
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің аға сот приставы Ж.Қоңырбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселесі бойынша баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі