Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесі Арал ауданында да жоғары деңгейде аталып өтті. Орталық алаңда ретімен құрылған киіз үйлер сән түзеп, алыстан көз тарта алаң ажарын ашып, мерекелік шараларға ерте жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекеге жиналған тұрғындар ең алдымен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеген көріністердің куәсі болды.
–«Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын! Теңіз дауылына желкенін жықпай, өмір соқпағына мойымаған, дархан көңілді Арал жұртын тағы да Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілік жаңарып, жыл бастауы болған Әз-Наурыздағы барша тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын! Ұлыс оң болсын!»,-деп аудан әкімі С.Сермағанбетов ізгі тілегін жеткізді.
Мұнан соң аудан басшысы бастаған бір топ аудан азаматтары алаңда құрылған киіз үйлерге бас сұғып жиылғандарға ыстық ықыласын жеткізді. Орталық алаңда, «Сыбаға», «Қауышу», «Кәсіпкерлер», «Ұлы Жібек жолы», «Береке-бірлік», «Рухани құндылық», «Ырыс-ынтымақ», «Алтын орда», «Анаға тағзым», «Алтын орда» атты оннан астам киіз үй тігілді.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудан әкімі бүл[1]діршіннің тұсауын кесіп, ақсақалдар ақ батасын берді.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар