Биылғы жылдың 18 шілдесінде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Жаңа Салық кодексіндегі ең негізгі өзгерістер туралы Қызылорда облысы бойынша кірістер департаменті басшысының орынбасары А.Елеманов Қызылорда Өңірлік коммуникациялар қызмет алаңында өткен брифингте түсініктеме берді.
Жаңа Салық кодексі қазіргі нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі керек. Бұл құжат салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа таным-түсінігі мен болмысын қалыптастыруға тиіс.
Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды. Олардың адал еңбегінен түскен салықты елімізді дамытуға жұмсайды.
Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс. Бұл – азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіліп, инфрақұрылым салынып, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы қажет деген сөз.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауынан
Сараланған салық ставкалары енгізілді. ҚҚС реформаланды. «Сән-салтанат салығы» енгізілді. Арнайы салық режимдері өзгерді. Салық жеңілдіктерін алудың ашық және нақты ережелері әзірленді. Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру қарастырылған. Сервистік модельге көшу жүргізіледі. Салық есептілігінің нысандары 30% – ға қысқарды.
Корпоративтік табыс салығы (КПН) бойынша КТС сараланған ставкалары белгіленді.
Жекелеген қызмет түрлерін қоспағанда, КТС ставкасы салық салынатын табыстың 20% мөлшерінде белгіленген:
Банк қызметінен (бизнесті кредиттеуді қоспағанда) 25%;
Ойын бизнесінен-25%;
әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінен (білім беру, медицина) – 2026 жылдан бастап – 5 пайыз, 2027 жылдан бастап – 10 пайыз.
ауыл шаруашылығы өнімін, балық шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар алған ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтен – 3 пайыз;
ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметінен – 6 пайыз мөлшеріндегі ставкалар қарастырылған.
КТС есептеу, декларациялау және төлеу тәртібі бойынша да өзгерістер қарастырылған.
Аванстық төлемдер бойынша шек 350 000 АЕК-тен 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды Декларация тапсырылғанға дейін аванстық төлемдер бойынша есеп алынып тасталды.
Қосылған құн салығы бойынша
ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айналымдар мен импортқа ҚҚС 16 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
ҚҚС бойынша есепке қою шегі 10 000 АЕК құрайды.
Медицина саласында:
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдарды жинақтаушыларды, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша, медициналық қызметтерді өткізу бойынша айналымға және импортқа 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді.
Отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізу бойынша айналым мөлшеріне 10% төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді.
Өткізу және импорттау бойынша жеңілдіктер қарастырылған:
Өткізу бойынша мына айналымдарды ҚҚС-тан босату көзделген:
-ішкі туризм бойынша туроператордың қызметтері (қазір тек кіру туризмі ҚҚС-тан босатылады);
-отандық басылымның кітаптары, баспа түрінде кітаптар шығару бойынша қызметтер,
Жеке табыс салығы
Алынатын табыс түріне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелері қарастырылған (363-бап).
Жеке тұлғалардың табыстарына ЖТС ставкаларының мынадай прогрессивті шкаласы бойынша салық салынады:
-күнтізбелік жылда 8 500 еселенген АЕК-ке дейін (35 млн. теңге) – 10%;
күнтізбелік жылда 8 500 еселенген АЕК-тен (35 млн.теңге) асқан кезде – табыстан 8 500 еселенген АЕК-ке дейін 10% (35 млн. теңге) + осындай сомадан асқан кезде 15%.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың табыстарына(жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) 9 пайыздық ставка бойынша ЖТС салынады.
Дивидендтер бойынша 230 000 АЕК-ке дейін (949 млн. теңге) – 5%;
-230 000 АЕК-тен жоғары (949 млн. теңге) – 230 000 АЕК-ке дейін 5%, одан асатын сомадан 15 пайыз;
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібін қолданатын дара кəсіпкердің, шаруа немесе фермер қожалығының кірісі бойынша:
-230 000 АЕК-ке дейін (949 млн. теңге) – 10%;
-230 000 АЕК-тен жоғары (949 млн. теңге) – 230 000 АЕК-ке дейін 10%, одан асатын сомадан 15 пайыз;
Жеке тұлғаның жеке салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) əлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі 2) базалық салықтық шегерім айына 30 АЕК (123 870тенге) мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жыл үшін 360 еселенген АЕК-тен (1 486 440 теңге) аспауға тиіс);
3) əлеуметтік салықтық шегерімдер:
Бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімі 882 еселенген АЕК-тен 5000 еселенген АЕК-ке дейін (20,6млн.теңге) ұлғайтылды.
Мүліктік табыс бойынша да айта кету керек:
– мүліктің әрбір түрі бойынша жеке баптар қарастырылып отыр.
– бағалы қағаздарды сату кезінде теріс және оң өсімді сальдо жасалады;
– тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, тұрақ орындарын, қоймаларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін сату кезінде құн өсімінен түсетін табысты айқындау кезеңі 2 жылға дейін ұлғайтылды;
Өздеріңіз білесіздер бұрын қандайда бір мүлік сатып алынып, 1 жыл көлемінде қайта сатып, сату кезінде оң өсім болған жағдайда сол өсім сомасынан 10 пайыз төлену міндеттілігі бар еді. Енді сол уақыт 2 жылға ұзартылып отыр. Яғни 2 жыл көлеміндегі сатып алу, сату бақыланатын болады.
Әлеуметтік салық
6 пайыздық мөлшерлемені белгілей отырып, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысы алынып тасталды.
Өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, қайта өңдеу жəне осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу қызметтерін жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша 1,8 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық есептеледі.
Әлеуметтік салық төлеушілер болып табылатын дара кəсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар əлеуметтік салықты:
өздері үшін – төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде;
əрбір жұмыскер үшін төлем күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінде есептейді.
Шаруа немесе фермер қожалықтары əлеуметтік салықты:
өздері үшін – АЕК-тің 0,6 еселенген мөлшерінде;
əрбір жұмыскер үшін – АЕК-тің 0,3 еселенген мөлшерінде есептейді.
АКЦИЗ
Алкоголь өніміне, коньякқа, шарапқа, сыраға, темекіге, табакқа және т.б. жыл сайынғы өсіммен акциз мөлшерлемесі 10%-ға ұлғайтылды.
Литріне құны 500,0 мың теңгеден асатын алкоголь өнімінің импорты кезінде кеден құнының 10% мөлшерінде акциз ставкалары енгізілді. Сондай-ақ, құны бір дана үшін 10,0 мың теңгеден асатын импортталатын сигараларға кедендік құнының 10% мөлшерінде акциздің ставкасы белгіленді.
Құны 18000 АЕК-тен асатын жеңіл автомобильдерге, құны 24000 АЕК-тен асатын кемелер мен әуе кемелеріне құнының 10% мөлшерінде акциз мөлшерлемелері белгіленді. Осы санат бойынша 3000 текше см-ден асқаны үшін төленген акциздер шегерімге жатады.
Сондай-ақ, 2026 жылдан бастап энергетикалық сусындарға акциздің литріне 100 теңге мөлшерінде ставкаларын белгілеу, кейіннен 5 жыл ішінде 240 теңгеге дейін ұлғайту жаңалық болып табылады.
Энергетикалық сусындарға акциз салу тәртібі алкоголь өніміне салық салу тәртібіне ұқсас.
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автомобильдер бойынша көлік салығын есептеу тәртібі өзгертіліп, оларға түзету коэффициенті – 0,7, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқандарға түзету коэффициенті – 0,5 қолданылады.
Шаруа фермер қожалықтары бір пикап көлігі бойынша көлік салығын төлеуден босатылды.
2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе Қазақстанның аумағына әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін мөлшерлемелер алынып тасталды.
Заңды тұлғалар үшін көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі) ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.
ЖЕР САЛЫҒЫ
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі) ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.
Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша (меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген күннен бастап) салықтың базалық ставкалары қырық есеге ұлғайтылады.
МҮЛІК САЛЫҒЫ
Егер міндеттемелер сомасы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 300 АЕК-тен аспаса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі тапсырылмайды. Бұл салық төлеуші тек жылдың қорытындысы бойынша декларацияны тапсырады және тиісінше төлемді жүргізеді.
Ғимараттар, құрылыстар бойынша салық базасы мүлікті қайта бағалауды ескере отырып, бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны болып табылады.
Бұл ретте мүлікті мұндай бағалау әрбір үш жылда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс.
Төлемақылар
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы алынып тасталды (алкоголь өнімдерін сату, ойын бизнесі).
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнаулы салық режимдерінің 3 түрі енгізілді:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
2) оңайлатылған декларация негізінде;
3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Анықтама:
– оңайлатылған декларация және бөлшек салық негізінде АСР біріктірілді;
– мобильді қосымшаны пайдалану негізіндегі АСРжәне патент негізіндегіАСР біріктірілді;
– тіркелген шегерімді пайдалану негізіндегі АСР жойылды;
– АШТӨ үшін АСР жойылды (жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен).
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР:
– ЖК болып табылмайтын жеке тұлға қолдануға құқылы;
– жалдамалы жұмысшыларсыз;
– шекті табыс – айына 300 АЕК (1,3 млн. тг, жылына 15 млн. тг);
– қызмет түрлерінің рұқсат етілген тізімі(ҚР ҮҚ);
– табыстың 4% мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер;
– ЖТС төлеуден босатылды;
– салық есептілігі жоқ, есеп айырысу ай сайын мобильді қосымшаның чектері негізінде.
2) оңайлатылған декларация негізінде АСР:
– бір жылдағы шекті табыс-600 000 АЕК (2,5 млрд. теңге);
– жалдамалы жұмысшылар санына шектеу жоқ;
– ЖТС/КТС ставкасы – 4% (мәслихаттар 50% төмендетуге/арттыруға құқылы);
– тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (ҚР ҮҚ);
– ҚҚС төлемейді;
– салық есептілігі жарты жылда бір рет;
– егер табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн.тг) асатын болса, салық салынатын табыстан еңбекақы төлеу қорының сомасын азайтуға құқылы;
– егер табыс 135 000 АЕК (550 млн.тг) кем болса, бухгалтерлік есепті жүргізуден босатылады;
– жалпыға бірдей режимдегі салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде АСР-дегі СТ-мен өзара есеп айырысу сомаларын шегеруге тыйым салынады.
3) Шаруа және фермер қожалықтары үшін АСР (қолданыстағы тәртіп сақталды, салық ЖТС түрінде төленетін болады, бірыңғай жер салығы жойылады).
– ауыл шаруашылығы қызметі;
– ҚҚС, әлеуметтік салықты төлемейді, ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын мүлік пен көлікке салынатын салықтардан босатылған;
– ЖТС ставкасы – айналымнан 0,5%;
– жер учаскесінің болуы міндетті;
– салық есептілігі жылына бір рет.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ
Салық есептілігінің нысандары 30%- ға қысқарады.
Жаңа Салық кодексі шеңберінде қолданыстағы 39 салық есептілігінен 12 салық есептілігі (30%) жойылады.
САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ (БӨЛІП ТӨЛЕУ)
Уақытша қаржылық қиындықтар кезінде 1500 АЕК-ке дейінгі қарызы бар салық төлеушілер үшін кепілді бағалау және сақтандыру қажеттілігінсіз, кепілсіз бөліп төлеуге рұқсат беріледі.
Деңгейлес мониторингке қатысушыға кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мүлік кепілінсіз және банктік кепілдіксіз беріледі.
Өнім өндіруге арналған тауарлар (шикізат) бойынша импортқа ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру көзделген.
Салықтық тексеру:
1) салық төлеуші (салық агентінің) өтінішті, талаптарды берген;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер болған;
3) салық органы салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тағайындалады.
Маңызды өзгерістер:
– жоспарлы тексерулер алынып тасталады;
САЛЫҚТАР МЕН БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕРДІ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ МӘЖБҮРЛЕП ОРЫНДАТУ
Өндіріп алудың жаңа тәртібіне сәйкес:
20 АЕК-ке дейін – хабарламаны жолдау және өсімпұлды есептеу;
20 АЕК-тен астам хабарлама жіберу, өсімпұл есептеу, шоттарды бұғаттау және инкассалық өкімдер шығару;
45 АЕК-тен астам – мүлікке тыйым салуды, дебиторлардан өндіріп алуды қоса алғанда, барлық өндіріп алу шаралары;
27 000 АЕК-тен астам – шет елге шығуға тыйым салу (сот шешімі бойынша 3 айдан астам берешек өтелмеген жағдайда).
Әлеуметтік төлемдер
Тәуекел дәрежесін есепке алмай, әлеуметтік төлемдер бойынша 6 АЕК-тен астам мөлшердегі берешекті өндіріп алу қарастырылған.