Қосымша ғимарат – Бюджетке үнем
Қызылорда қаласындағы екі іргелі мектептің жанынан салынған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, сөз сөйледі.
– «Ұлт ұстазы Ахмет байтұрсын ұлының «Құралсыз iс iстелмейдi һәм құрал қандай болса, iстеген iс те сондай бол мақшы. Iстiң толық жақсы болуына мектеп сайлы һәм жақсы болуы шарт» деген сөзі баланы оқытуға, ең бірінші жайлы да заманауи мектептің керегін еске салады.
Бала санының жыл санап артуына байланысты бірнеше білім ошағы қосымша құрылысты қажет етті. Орталықта жаңа мектеп салу үшін жер телімі табылмайды. Қала сыртына салынған мектепке қатынау ата-анаға да, балаға да айтарлықтай қиындық туғызады. Қосымша ғимарат салудың тағы бір тиімді тұсы – бюджет қаржысы үнемделеді, жаңа мектепке қарағанда арзанға түседі. ең маңыздысы балалар өздері үйренген, үйіне жақын мектебіне қатынайды. Сондықтан бәріне бірдей оңтайлы шешімге, яғни үш ауысыммен оқитын мектептер ауласына қосымша ғимарат салуға тоқталдық», – деді аймақ басшысы.
№101 мектеп-лицей ауласында салынған 375 орындық ғимаратта бастауыш сыныптар оқитын болады. Ал Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепке 550 орындық қосымша ғимарат салынды.
Жаңа ғимараттарда оқу кабинеттері, шығармашылық бөлмелер талапқа сай жасақталған. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына толық жағдай қарастырылған.
Бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік жабдықтары орнатылған. Облыс орталығындағы 4 мектептің (№№2, 3, 101, 264) 1 850 балаға арналған қосымша ғимараттары жаңа оқу жылында балаларды қабылдайды.
Сыр өңірінде заманауи жаңа білім ошақтары бой көтеріп, жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса мән берілген. Аймақта 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 100 пайызға, ал 2-6 жастағылардың қамтылуы 88,9 пайызға жетті. Мемлекет пен жекешеменшік әріптестіктің ынты мақтастық аясы кеңейіп келеді. Бүгінде облыстағы 613 балабақшаның 453-і немесе 73%-ы жеке сектордың үлесінде.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде құны 86,2 млрд.теңге болатын 21 заманауи мектеп салынбақ. Жаңа білім ордаларына 12 мыңнан аса оқу шы барады. Биыл 10 мектептің іргетасы қала нуда. Қаланың сол жағалауында «Қаз Гер Мұнай» компаниясының қаржылай қол дауы мен 350 орындық заманауи Оқушы лар сарайы салынады. Бұл қосымша білім беру ордасында озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалар тәрбиеленеді.
“Облыс әкімдігі” аллеяға айналды
Биылғы жылдың сәуір айынан бас тап Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесін кеңейту, абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Осы көшедегі Қызылорда облысы әкімдігінің жеті қабатты еңселі ғимараты – қаладағы ең көрікті нысандардың бірі. Биылға дейін әкімдіктің биік қоршауы болған еді.
Аймақ басшысының тапсырмасымен әкімдікті «Ашық Үкімет» қағидасына сәйкестендіру үшін айналасындағы қоршау алынды. Бүгінде әкімдік алды қала тұрғындары серуен құратын, балалар асыр салып ойнайтын аллеяға айналды.
Тәуелсіздік және Н.Назарбаев даңғыл дары арасындағы аумақ та абаттан дырыл ған, түнгі жарығы төгілген, демалысқа қолайлы жағдай жасалған орын. Көшенің осы бөлігіне алдағы уақытта бірнеше субұрқақ, орындықтар орнатылады. Көше 6 жолақты болып кеңейтілді, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Т.Есетов атындағы №264 мектеп лицей секілді әлеуметтік нысан дардың алдына автотұрақтар салынды.
Қазірден бастап бұл жайлы орын тұрғындар мен қала қонақтары жиі келетін мекенге айналуда. Құрылысы аяқталуға жақындаған «Неке сарайы» мен «Өнер орталығы» пайдалануға берілгенде, бұл көше тіпті дараланады.
«Анаға тағзымға» 1,5 млрд. жұмсалды
2022 жылы қараша айында Қызылорда қаласында ұлттық бояуы заманауи үлгімен үйлескен мәдени-әлеуметтік нысан «Анаға тағзым» орталығының құрылысы басталды. Адамзат баласы тіршіліктің түп қазығы Анаға әрдайым қарыздар. Сондықтан жарық дүние сыйлаған жанға тағзым етеді, құрмет көрсетеді. Жаңа орталықтың қызметі де Ұлы даланың ұлы аналарының киелі жолын дәріптеуді мақсат тұтпақ. Басты бағыты- жас ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды ұғындыру, бүгінгі қазақ әйелінің рухани келбетін қалыптастыру.
Жоба «Парасат» орденінің иегері, кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаевтың қаржылай қолдауымен іске асуда. Алыстан көз тартатын көркем ғимаратты салуға 1,5 млрд.теңге жұмсалды.
Нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
12 мың оқушы “Жайлы мектепте” оқиды
Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» бастамасы білім саласындағы ең ауқымды жобаға айналды. Бағдарлама шеңберінде Сыр өңірінде құны 100 млрд. теңгеге жуық 21 заманауи мектеп салынады. Жаңа білім ордаларында 12 мыңнан астам оқушы оқиды.
Биыл облыста 10 мектептің іргетасы қаланса, қалған 11-інің құрылысы келесі жылы басталады.
Президент 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алуды тапсырған болатын. Алдағы үш жылда Қызылордада 8, Аралда 4, Қазалыда 2, Қармақшыда 2, Жалағашта 1, Сырдарияда 1, Шиеліде 1 және Жаңақорған ауданында 2 мектеп бой көтереді. Жаңа білім ордаларында бастауыш және жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Сәйкесінше, олардың әрқайсының өз оқу кабинеттері, әжетханасы, спорт залы болады. Бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік құрылғылары орнатылып, физика, химия, биология, робототехника сияқты заманауи кабинет термен қамтамасыз етіледi. Арнайы білім беруді қажет ететін балалар үшін де барлық жағдай жасалады.
Қазір Сыр өңірінде заманауи білім ордалары салынып, мектептердегі орын тапшылығы мәселесі тиімді шешім табуда. Атап айтқанда, «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында физика-математика бағытындағы мектеп интернат құрылысы басталды. Дарынды балалар ға арналған жаңа оқу ордасында республикалық физика-математика мекте бі нің таңдаулы ұстаздары сабақ береді.
Қала мектептеріндегі орын тапшылығы түйткілі қосымша құрылыс салу арқылы реттелуде. Облыс орталығындағы 4 мек тептің (№2,3,101,264) 1850 балаға арнал ған қосымша ғимараты жаңа оқу жылында балаларды қабылдайды. Осылайша оқушы лар үйреншікті әрі үйіне жақын жерде білім алуын жалғастырады. Қосымша оқу ғимаратын салу жаңа мектепке қарағанда арзанға түскендіктен, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік туды.
Жаңа автовокзал – Жолаушы Қажеттілігі
Биылғы шілде айында Қызылорда қаласының сол жағалауынан құны 975 млн. теңгені құрайтын, заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа автовокзалдың іргетасы қаланды.
Автовокзал пайдалануға берілгеннен кейін 55 автобус маршруты яғни, 124 рейс ұйымдастырылады. Ташкент қаласына 1 халықаралық рейс, 46 ауданаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Жібек жолы (Черняевка), Ақтөбе және тағы басқа қалаларға 8 маршрут жолға шығады. Осылайша қызылордалық жолаушылар мен қала қонақтарының жолға жайлы да, қауіпсіз көліктермен жаңа автовокзалдан аттануына лайықты жағдай жасалады.
Автовокзал жыл соңында пайдалануға беріледі. Мұнда жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, ал қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі.
Вокзал қайта жаңғыртылуда
Өткен ғасырдың басында ерекше архитектурамен салынған нысанның бірі Қызылорда теміржол вокзалы.
Биыл сәуір айында «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, Қызыл орда қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Вокзал ғимараттары мен аумағын күр делі жөндеу үшін «Қазақ Жоба Құрылыс» ЖШС-нің демеушілігі есебінен жоба сметалық құжаттама әзірленді.
Сәуір айында Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесіп, Қызылорда теміржол вокзалы ғимаратын коммуналдық меншікке беру бойынша жол картасы бекітілді. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ұлттық компанияға вокзал ғимаратын күрделі жөндеудің жоба-сметалық құжаттарын табыстады.
Теміржол вокзалының әкімшілік ғима ратын мердігер мекеме «Берсугир» ЖШС жөндеуде.
Бүгінде сыртқы және ішкі жөндеу жұ мыстары жүргізіліп, ғимарат жаңа кейіп ке еніп, келбеті ажарлана түсті. Вок зал аумағындағы 2-ші перронға және автотұраққа жаңа асфальт жабындылары төселуде. Жалпы 3 700 шаршы метр аумақ асфальтталып, тағы 1 500 шаршы метр аумақты асфальттау жұмыстары жүргізілуде.
Физика математика мектеп-интернаты- шәкірттер бағы
Биылғы шілде айында Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар, 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының іргетасы қаланды.
Сол жағалауға қоныс тепкен жаңа ғимарат жобасының құны 7 млрд. 900 млн. теңге. Жаңа мектеп оқушыларға сапалы білім беруге мүмкіндік жасайтын заманауи құрал-жабдықтармен жарақталады. Мұнда нақты ғылымды тереңдетіп оқуға талапты шәкірттерді қолдаудың барлық тетіктері қарастырылады.
Ғимарат құрылысы 2024 жылы аяқталып, оқушылар мен ұстаздар игілігіне беріледі.
Сапалы жол болса
Облыс көлемінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 82 пайыз, жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 87,5 пайызға көтеріледі деген болжам бар.
Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен 36 млрд. теңге бөлініп, өңірде ұзындығы 569 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткізіледі.
Қала жолдарының сапасын жақсарту мақсатында барлығы 12 млрд. 473 млн. теңге бөлініп, 320 көшеде, атап айтқанда көлік көп жүретін Н.Назарбаев пен Астана даңғылдарында қайта жаңғырту, орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Сұлтан Бейбарыс көшесінің 4,2 шақырымы 4 жолақты, 1 шақырымы 6 жолақты жолға ауыстырылды. Көшелер көлік кептелісін болдырмау, жол қауіпсіздігінің алдын алу үшін кеңейтілді. Алдағы уақытта Яссауи көшесі 4 жолақты болады.
Аймақ үшін аса маңызды жобалар дың бірі – Президенттің тікелей бақылауын дағы, халық ұзақ күткен «Қызылорда Жезқазған» автожолының құрылысы. Жолдың ұзындығы 216 шақырым, биыл 140 шақырымнан астамы аяқталады деп күтілуде. Қалған бөлігі 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталып, халық игілігіне беріледi.
Жаңартылған аулалар – қала күнінің сыйлығы
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала орталығындағы Абай даңғылы №47 «А, Б, В», №51 «А» тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Жаз басталғалы, яғни мау сым айынан бері демеушілердің қол дауы мен 1 млрд. теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру бас талған болатын. Аулаларға заманауи спорт алаңдары салынып, тротуарлары, жарық бағаналары жаңартылуда. Бұл тұрғын дардың, балалардың демалысына қолайлы әрі спортпен шұғылдануына серпін береді.
Абаттандырылған, көркейтілген аула лар жақында аталып өтілетін Қала күні мен Қызылорда облысының 85 жылдығына тарту етіледi.
Жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар Мемлекет басшысының туған жерді көркейтуге үлес қосуға шақырған үндеуін барынша қолдап, атамекенді көркейтуге белсенді атсалысуда. Бастаманы қолдаған кәсіпкерлер демеу шілік есебінен облыста 31 млрд. 700 млн. теңгенің жобаларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, маусым айынан бері 1 млрд. 100 млн. теңгеге облыс орталығындағы 50 үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталуда. Қызылордалық кәсіпкер Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба құны 1 млрд. теңгені құрайды.
Меценаттардың қолдауымен Сыр өңірінде көптеген әлеуметтік нысандар салынып, қасиетті орындар – Қорқыт ата ескерткіш- кешеніне, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал баба кесенелеріне қайта жаңғырту, айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
ДЕМЕУШІЛЕР ҮЙЛЕРДІ ҚАПТАП ЖАТЫР
Қала сәулетті ғимараттарымен, тұрғын үйлерімен көрікті. Қызылорда қаласында маусым айынан бері демеушілердің қолдауымен 1 млрд. 100 млн. теңгеге 50 үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталуда.
Көпқабатты үйлердің бояуы қанық, сапасы жоғары құрылыс материалымен көмкерілуі қала келбетіне көрік үстеп, ерекше сән берді. Жоспар бойынша бұл жұмыстар бір айда аяқталады.
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАН ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА
Өткен жылы тамыз айында Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын Қан орталығының іргетасы қаланды.
Қан орталығы жылына 5000-10000 адамдға қызмет көрсете алады. Орталықтың салынуы – аймақтың денсаулық сақтау саласы үшін маңызды әрі ұтымды шешім. Бұл – облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау және қорғау бағытындағы нақты іс-шараның бірі.
Нысан 2024 жылдың басында пайдалануға беріледі.
“ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ” – ӨЕЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ ҚУАНЫШЫ
2022 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан 3,7 млрд.теңгеге 1000 орындық Өнер орталығының құрылысы басталған еді.
Орталықта өнер иелерінің, шығармашылық ұжымдардың ұлттық, академиялық, симфониялық және эстрадалық бағыттағы концерттері, түрлі форматтағы қоғамдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек.
«НЕКЕ САРАЙЫ» НЕКЕ ҚИЯДЫ
Әдетте жас жұбайлардың қол ұстасып, жаңа өмірге қадам басатын ерекше сәті есте қалуы үшін «Неке сарайында» неке қию рәсімі өтеді. Енді жас қызылордалықтар заманауи ғимаратта жұбайлық өмірлерінің алғашқы құжатына ие болады. Өткен жылдың тамыз айында іргетасы қаланған нысанда неке қию рәсімін әсерлі, әрі ұмытылмастай етіп өткізуге барлық жағдай жасалады.
Құрылысы бітуге таяған Қызылордадағы «Неке сарайының» негізгі қызметі жас жұбайлардың некесін салтанатты түрде қию, отбасы институтын қалыптастыру, ұлттық тәрбиені дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау болады. Жоба 1 млрд. 600 млн. теңгені құрайды.
Шығыс сәулет өнері үлгісімен салынған, күмбезі жарқыраған ғимарат маңайы абаттандырылады, мұнда келушілердің көңіл-күйімен астасатын атмосфера қалыптастырылады.
“ӨТЕМҰРАТОВТЫҢ” ТЕРМИНАЛЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ
”Болат Өтемұратов қорының” демеушілігімен басталған «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Құны 15 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі жаңа нысанның жалпы аумағы 3,9 гектар. Терминалда жолаушылардың жайлылығы үшін халықаралық стандарт талаптарына сай барлық жағдай қарастырылған. Мұнда жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету үшін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қойылады. Сондай-ақ тіркеу орнының аймақтары, жалпы күту залы, билет кассаларының дүңгіршектері, қоғамдық тамақтану орындары, дербес тіркеу тіректері, намазхана, ана мен бала бөлмесі, трансферлік жолаушыларға арналған зал болады.
Терминал 2024 жылдың мамыр айында ел игілігіне беріледі.