Бүгін «Amanat» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жорабек Нұрымбетов және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңестің төрайымы Гүлшат Мұсаева «Атамекен» балалар ауылының тыныс-тіршілігімен танысты.Бүгінде балалар ауылында 62 жасөспірім тәрбиеленуде. Аулада шығармашылық үйі, сахна, жаттығу алаңдары бой көтеріп, жастардың үйірмелермен айналысуына жол ашылған.Тәрбиеленушілердің барлығы қаламыздың озық оқу орындарында білім алып, өзі қалаған мамандығы бойынша жаңа бастамалармен айналысуда.Жастармен кездесу еркін диалог форматында жалғасып, көкейде жүрген ұсыныс тілектері тыңдалды.