Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңiрге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов пен Мәжілістегі “AMANAT” партиясының фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаевты қабылдады.

Кездесуде алдағы уақытта облыста атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Айта кетейік осы уақытқа дейін депутаттар Сырдария ауданының Айдарлы, Амангелді, Қалжан ахун ауылдарында болып, аудан орталығы Тереңөзек кентінде жеке қабылдау өткізді.

Жалағаш және Қызылорда қаласында, Шиелі ауданында да кездесулер өткізбек.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған