Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласының даму жоспары қаралған кеңесте қала әкімі Серік Қожаниязов биыл салынатын нысандар туралы баяндады.
Шаһар басшысының айтуынша биыл облыс орталығында 78 жоба іске асырылмақ. Оған қоса құны 24 млрд. 361,2 млн. теңгені құрайтын 55 жаңа жоба әзірленді. Оның ішінде, жарықтандыру бойынша 7 жоба, тұрғын үй құрылысы бойынша 1 жоба, абаттандыру бойынша 8 жоба, жол құрылысы бойынша 8 жоба, көшелерді қайта жаңғырту бойынша 3 жоба, жолдарды күрделі жөндеу бойынша 5 жоба, жолдарды орташа жөндеу бойынша 2 жоба, спорт алаңдарының құрылысы бойынша 2 жоба, ауыз су және кәріз желілері бойынша 17 жоба, газбен жабдықтау бойынша 1 жоба, электр желілері бойынша1 жоба дайындалды.
Сонымен қатар «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 17 жобаға Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.
Сырдария өзенінің сол жағалауындағы коммерциялық үй-жайлары бар 5 қабатты 10 тұрғын үй және 7 қабатты 6 тұрғын үйді, электрмен жабдықтау желілерін жүргізу.
«Жайлы мектептердің” (Арай, СПМК, Сол жағалау, Әл Фараби, Бәйтерек) жан-жағын асфальттау.
“Бәйтерек” тұрғын ауданын газдандыру, электр және ауыз су жүйелерін жүргізу жобалары да бар.
Кварталішілік газ құбырлары желісін салу,
Жаппасбай батыр көшесін,
«Қызылорда-Құмкөл» трассасын қайта жаңғырту,
“Сабалақ” саяжайына газ құбырын тарту жобаларының тұрғындар үшін маңызы зор.
Аталған жобалардың жалпы құны 15 млрд. 293 млн. теңгені құрайды.
Биыл Қызылорда қаласының бекітілген бюджетінде жалпы құны 23,6 млрд. теңгені құрайтын 78 жобаға қаржы бөлінді.
78 жобаның 52-сін толық аяқтауға 15,1 млрд. теңге, 21 өтпелі жобаға 6 млрд. 757,6 млн. теңге қаралған.
Сол жағалаудан облигация арқылы 7 қабатты 6 тұрғын үй және 200 пәтер сатып алуға қажетті қаражат бөлінуде.
Яссауи, Көшербаев көшелерін қайта жаңғырту, Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көше құрылысы, Тәуелсіздік даңғылынан «Қызылжарма» каналы арқылы автожол көпірін салу жоспарлануда.
Кеңесте биологиялық тазарту станциясына және «Бәйтерек» тұрғын ауданын газбен, сумен жабдықтауға қаржы сұралды.
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен облыс орталығында жалпы құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба республикалық бюджетке ұсынылып, бүгінде оларды бастауға 647 млн. теңге бөлінді. Жобаларды аяқтау үшін республикалық бюджетке 4,6 млрд. теңгеге өтінім ұсынылды. Облыстық бюджеттен қаржыландыруға 586,7 млн. теңге қаржы қажет. Оған Қызылорда қаласына қарасты елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым желілері жаңартылып, жол салынбақ.
Облыс әкімі бағасы: Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев:
– «Өткен жылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қызылорда қаласының өсу динамикасы тұрақты деңгейде сақталды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 108,7% орындалып, 232,9 млрд. теңгені құрады. Бюджет 98,5% игерілді. Қаланың өз кірісі 2022 жылы 16,7 млрд. теңге болса, 2023 жылы 6,7 млрд. теңгеге өсті. Біз облыс орталығының дамуына басымдық берудеміз. 2022 жылдың басында қала бюджеті 51,6 млрд теңге болса, екі жылда бас шаһарымызға бөлінген қаржыны екі есе өсірдік. Өткен жылды Қызылорда қаласы 95,1 млрд. теңгемен қорытындылады».
Қала бюджеті:
Қызылорда қаласының бюджеті 2024 жылға 58,2 млрд. теңге болып бекітілді. Қала бюджетінің құрамында 40,4 %, немесе 23,5 млрд. теңге трансферттер, өз кірістері – 37,7 % (21,9 млрд. теңге), субвенция – 15,6 % (9,1 млрд. теңге), несиелер – 6,3 % (3,7 млрд. теңге). Даму бюджеті 16,1 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласының бекітілген бюджетінде жалпы құны 23,6 млрд. теңгені құрайтын 78 жобаға қаржы, оның ішінде Ұлттық қордан 4,4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 6,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар ақпан айында облыстық бюджетті нақтылау кезінде 6 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Осылайша бюджет 64,2 млрд. теңгеге жетеді.
Кеңес отырысында облыстық басқарма басшылары қала әкімі ұсынған жобалардың тұрғындар үшін тиімділігін, қажеттілігін сараптады. Жобалар жұртшылықтың өмір сүру сапасына оң әсерін тигізуі тиіс.
Облыс әкімі тапсырмасы: Жиын соңында аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу қорытындысына тоқталды. Қала әкіміне жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық көлік жұмысын реттеу, экологиялық жағдайды жақсарту, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету тапсырылды.