Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа оқу жылы бас талды. Университетте 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні және 1 қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова Ата заң ел тәуелсіздігін айқындайтын, азаматтар құқығының қорғалып, халқымыздың тату-тәтті ғұмыр кешуіне ықпал ететін басты құжат екенін айтты. Сонымен қатар оқытушы-профессорлар мен білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
– Еліміздің қарыштап дамуы үшін жоғары білім жүйесі мен ғылым саласында тың идеялар мен жаңа бастамалардың болуы өте өзекті. Әлем елдері бүгінде инновациялық жаңалықтар, технологиялар арқылы ерекшеленуде. 85 жылдан астам тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жыл өткен сайын жаңа белестерді бағындыруда, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Жаңа оқу жылында университеттің бірқатар қызметкерлеріне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттары, «Қорқыт Ата атын дағы Алтын медаль», «Үздік оқытушы» медалі табысталды. Сондай-ақ, уни верситетте білім алып, қазіргі таңда өз саласының кәсіби шебері атанып, ел дамуына үлес қосып жүрген түлектерге «Үздік түлек» медалі табысталды.
Биыл университетте бакалавриат бойынша мемлекеттік білім беру грантын 1248 талапкер иеленді.
Білім ордасында биылғы жылы 10 мыңнан астам студент білім алады.
Университетте 500-ден астам профессор-оқытушылар құрамы қыз мет атқарса, соның ішінде 22 ғылым докторы мен профессор, 38 Phd докторы, доцент, 174 ғылым кандидаты, 220-дан астам магистр сапалы білім беруде.
Кадрларды даярлау 5 институт пен 25 кафедра базасында 114 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, яғни 66 бакалавриат, 35 магистратура, 13 докторантура бар. Әскери кафедрада Қазақстан қарулы күштері үшін запастағы офицерлерді даярлау 5 әскери мамандық бойынша жүргізіледі.
Әрбір жоғары оқу орны қызметінің басты көрсеткіші даярлаған кадрлары десек, университет құрылғалы бері қоғам мүддесі үшін 100 мыңға жуық кәсіби маман даярланған.
Биылғы жылы 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсының қоры тындысы бойынша 1248 талапкер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті білім беру гранттарының иегері атанды. Өткен жылмен салыстырғанда грант алушылар саны 300-ге жуық адамға артты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін 2020 жылы 529, 2021 жылы 795, 2022 жылы 949 талапкер таңдаған болатын.
Білім алушылардың жыл сайын артуына университеттегі білім сапа сы мен материалдық-техникалық база ның жаңаруы ықпал етті.
Атап айтсақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті QS рей тингі бойынша Азияның үздік уни вер ситеттерінің ТОП-551-600 (570-орын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының ТОП-10 үздік университетінің қатарына енді.
Биыл университет QS–2023 халық аралық рейтингтік агенттігінің талдауы бойынша жаһандық рейтингтің ТОП 1200-1400 еніп, алғаш рет әлемдік тұғырға көтерілді.
Қазіргі уақытта Қорқыт ата атын дағы Қызылорда университетінде Оң түстік Кореядағы Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар универ ситетінің жасанды интеллект мектебін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мектеп ашу «Халықаралық ынтымақ тастық жөніндегі жетекші университет» жобасы (LUPIC) аясында жүзеге асырылады.
«Болашақ» халықаралық бағдарла масының 40 түлегі жұмыс істейді. Жыл сайын 25-тен астам шетелдік ғалым онлайн, офлайн түрде дәрістер жүргізеді. Сондай-ақ университеттің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы «Startup Joly» бағдарламасын ұйым дастыруда.
Бағдарлама аясында қатысушылар 1 ай аралығында кәсіпкерлік бағыты бойынша тегін білім алады.
«Startup Joly» инкубациялық кезеңі нің жүлде қоры – 2 000 000 теңге.
Сонымен қатар стартап жобаларын идея сатысынан прототипке дейін жет кізіп, инвесторлар тарапынан қосымша қаржы тарту мүмкіндігіне ие болады.
Бағдарламаның мақсаты − инно вациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен, біліммен және қолдаумен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату, қаржы және құқықтық мәселелер бойынша дағдыларды арттыру.
Инкубациялық кезеңнің түлек теріне сертификат табысталады. Сертификат арқылы «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің» 100 млн теңгеге дейінгі гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатыса алады.
Биылғы жылғы тағы бір жаңалық Корея Республикасы Шинхан уни верситетінің өкілдері жұмыс сапары мен келді. Делегация мүшелері Шинхан университеті Ғылыми-зерт теу орталығының директоры Ким Чжонгкью, Зерттеу орталығы бөлі мінің басшысы Ли Янгкей және құрылым басшылары, профессор оқытушылармен кездесті.
Кездесуде экология, электр энер гетикасы, ауыл шаруашылығы салалары бойынша жаңа жобаны жүзеге асыру талқыланды. Алдағы уақытта бірлескен білім беру бағдарламаларын оқыту, материал дық техникалық базаны нығайту бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Жиында Корея Республикасы Шинхан университетінің Өнеркәсіптік және академиялық ғылыми-зерттеу қызметінің ынтымақтастық қоры мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында университет тердің екі жақты келісімшарты негізінде «Kazakhstan – Republic of Korea joint Laborаtory for E³ convergence technology & Carbon Neutral Support» қазақ-корей біріккен ғылыми зерттеу зертханасының ресми ашылуы болды.
Сондай-ақ Гонконг білім беру университетінің делегациясы да жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында университет басшылығымен ұжым ның білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар айтыл ды. Атап айтсақ, бірлескен зерттеу лер ұйымдастыру, оқытушы-профес сорлардың біліктілігін арттыру бойын ша қысқа мерзімді курстар оқыту, білім алушылардың алмасып оқуы жайлы екіжақты келісім мәселелері қарастырылды.
Жиынға Гонконг білім беру универ ситетінің интернационал дан дыру жөніндегі проректоры, қауымдас тырылған профессор Ло Синг Кай, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатының меңгерушісі Тереза Пун, магистратура деканатының сыртқы және жаһандық байланыстар жөніндегі бас маманы Файе Ванг, постдокторант Артем Задорожный және университеттің проректорлары, құрылым басшылары, профессор оқытушылар қатысты.
Сонымен қатар Гонконг білім беру университетінің интернацио налдандыру жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Ло Синг Кай, постдокторант Артем Задорожный оқу ордасының білім алушыларына «Беделді шетелдік басылымдарда ағылшын тілінде мақа лалар жариялау» атты дәріс жүргізді.