2025 жылғы 13 мамырдағы Үкімет отырысында Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы шешім қабылданды.
Бәрі де Үкімет басшысы О.Бектеновтің елге сапарынан кейін басталыпты. Қорқыт ата халықаралық әуежайы терминалының ашылуы қызылордалықтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқаны анық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев былтырғы Жолдауында “Көлік-логистика секторын дамыту стратегиялық мәні айрықша басымдық… тимді жұмыс істейтін әуе хабтарын… салуымыз қажет” дегеніне Қорқыт ата әуежайы айналасы құба-құп келіп тұр. Еліміздегі 16-шы арнайы экономикалық аймақ болып ашылғалы отырған «Қорқыт Атаны» құрудағы мақсат отандық және шетелдік инвесторларды тарту, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды қалыптастыру арқылы жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру, транзиттік көліктік логистикалық әлеуеттің және сауда логистикалық байланыстардың өсуін ынталандыру, туристік әлеуетті жоғарылату мен тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту, өңірдің экономикалық өсуіне және инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ету болса керек.
Ресми ақпараттар бойынша осы бағытта Қызылорда қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалына іргелес 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылады. Бұл бастама өңір экономикасын әртараптандыруға, мұнай өндірісіне тәуелділікті төмендетуге және жаңа өндірістік бағыттарды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам.
АЭА құрылымына авиацияға қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда, қойма және сақтау, сондай-ақ, өнеркәсіптік аймақтары кіреді. Арнайы экономикалық аймақта құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік-логистика, технологиялар мен инновациялар салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Атап өту қажет АЭА құрудың белгіленген қағидаларына сәйкес, 28 экономикалық қызмет түрінің тізбесі келісілген.
«Қорқыт Ата» АЭА құрылуы инвестиция тартуға, өндірістік қуатты арттыруға және Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
АЭА АЯСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛДІКТЕР
АТАУЫ | НЕГІЗІ |
КТС – 0% | ҚР ҰҚ 79-тарауының 709-бабының 25.12.2017 жылғы №120-ҮІ ҚРЗ 4-тармағына сәйкес |
АЭА аумағына өткізілетін және қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларға ҚҚС (тізбеге сәйкес жергілікті өндірілген тауарлар) – 0% | ҚР ҰҚ 44-тарауының 389-бабының 25.12.2017 жылғы №120-ҮІ ҚРЗ 1-тармағына сәйкес |
АЭА ішінде өндірілген және экспортқа өткізілетін тауарларға ҚҚС – 0% | ҚР ҰҚ 44-тарауының 386-бабының 25.12.2017 жылғы №120-ҮІ ҚРЗ 1-тармағына сәйкес |
Импорттық тауарларға ҚҚС – 0% | ҚР 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-ҮІ ҚРЗ Кодексінің «ҚР-дағы кедендік рет теу туралы» 29-тарауының 281-бабының 1-тармағына сәйкес |
Импортық кедендік баждар – 0% | Кодекстің «ҚР Кедендік реттеу туралы» 29-тарауының 281-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-ҮІ ҚРЗ |
Мүлік салығы – 0% | ҚР ҰҚ 79-тарауының 709-бабының 25.12.2017 жылғы №120-ҮІ ҚРЗ 1-тармағына сәйкес |
Жер салығы – 0% | ҚР ҰҚ 79-тарауының 709-бабының 25.12.2017 жылғы №120-ҮІ ҚРЗ 1-тармағына сәйкес |
Жер үшін жалдау ақысы – 0 теңге | ҚР ҰҚ 79-тарауының 709-бабының 25.12.2017 жылғы №120-ҮІ ҚРЗ 1-тармағына сәйкес |
Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі | ҚР ДСМ және СР м.а. 06.01.2016 ж. №5 және ҚР ИИДМ 22.01.2016 ж. №46 бірлескен бұйрығы |
Алу шарттары:
1. ҚР АЭА туралы заңнамасына сәйкес АЭА болып табылады;
2. АЭА аумағында немесе аумақтық бөлімшеде салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген АЭА аумағы құзыретіне жататын салық органы;
3. АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған қажетті инфрақұрылым мен объектілер болған кезде, өкілдіктерді қоспағанда, заңды тұлғаның АЭА аумағынан тыс жерде филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері болуға құқығы жоқ;
4. АЭА аумағында АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрін жүзеге асырады.
Салық және (немесе) төлем сомаларын 100 пайызға азайтуды қолдану мерзімі:
А санаты – 7 жыл ішінде жобаның құны 3 000 000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін;
В санаты – 15 жыл ішінде, жобаның құны АЕК мөлшерінің 3 000 000 еселігінен 14 500 000 еселенген мөлшеріне дейін;
С санаты – 25 жыл ішінде, жобаның құны АЕК мөлшерінің 14 500 000 еселенген мөлшерінен бастап.
* бірақ АЭА қызметін жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімінен және жұмыс істеу мерзімінен аспайды.
ҚЫЗМЕТТІҢ БАСЫМ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
1. | Иіру, тоқу және әрлеу өндірісі | 13.1 |
2. | Басқа тоқыма бұйымдарын өндіру | 13.9 |
3. | Жүннен жасалған киімнен басқа киім өндірісі | 14.1 |
4. | Былғарыны илеу және өңдеу, чемодандар, сөмкелер, ер-тоқыма бұйымдарын өндіру, жүнді өңдеу және бояу | 15.1 |
5. | Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру | 20 |
6. | Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қосылыстарын, пластмассалар мен синтетикалық каучуктарды бастапқы нысандарда өндіру | 20.1 |
7. | Сабын және жуғыш заттарды, тазартқыш және жылтырататын препараттарды, парфюмерлік өнімдер мен косметикалық құралдарды өндіру | 20.4 |
8. | Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру | 21.1 |
9. | Резеңке бұйымдар өндірісі | 22.1 |
10. | Пластмасса бұйымдарын өндіру | 22.2 |
11. | Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі | 23 |
12. | Өзге де Фарфор және керамикалық бұйымдар өндірісі | 23.4 |
13. | Цемент, әк және сылақ өндірісі | 23.5 |
14. | Құрылыс мақсаттары үшін бетоннан, цементтен және гипстен жасалған бұйымдар өндіру | 23.6 |
15. | Абразивті бұйымдар мен өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі | 23.9 |
16. | Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру | 25 |
17. | Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі | 26 |
18. | Электр сымдары мен электр өткізгіш аспаптарын өндіру | 27.3 |
19. | Жалпы мақсаттағы өзге де техника өндірісі | 28.2 |
20. | Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру | 28.3 |
21. | Арнайы мақсаттағы техниканың өзге де түрлерін өндіру | 28.9 |
22. | Өзге де көлік құралдарын өндіру | 30 |
23. | Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру | 32.5 |
24. | Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату | 33 |
25. | Жүк авиатасымалдары, чартерлік рейстер, жүк ұшақтарын жалға алу | 51.2 |
26. | Жүкті сақтау | 52.1 |
27. | Тасымалдау кезіндегі қосалқы қызмет түрлері | 52.2 |
28. | Пошта және курьерлік қызмет | 53.1 |