Тұрғын үй-коммуналдық шар уашылық, энергетика – кез келген елдің экономикасы мен әлеуметтік саласының негізгі тіректерінің бірі. Ол экономикалық қатынастардың дамуына және халықтың әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Бүгінде бұл салаларда оң өз герістер орын алып, жақсы қарқынмен дамып келеді. Елдің жарықпен және жылумен, таза ауызс умен қамтамасыз етілуі осы сала мамандарының жоғары жауап кершілігі мен сапалы қызметіне тікелей байланысты.
өткен аптаның жұмасында өңір лік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруа шылығының басшысы Медет Усаин БАҚ өкілдеріне биылғы жылдың I жартыжылдығында атқа рылған жұмыстар туралы баян дады.
Облыстық энергетика және тұр ғын үй-коммуналдық шаруашылық бас қармасы аймақтағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, газ, ауызсу, электр және жылу энергиясымен жаб дықтау саласын дамыту бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Мәсе лен, өткен жылы облыс ау мағында 4 қала және 35 ауылдық ел ді мекен табиғи газға қосылып, тұр ғын дарды газдандыру үлесі 75 пайызды құраған болатын. Биыл жыл басынан бері «Алмалы», «Бестам», «Ақтоған», «Төретам» ауылдық елді мекендері табиғи газға қосылды. Жыл соңына дейін «Сексеуіл», Абай, «Ақсу», Шәменов, Сейфуллин, Тоқ мағамбетов, «Төменарық» ауылдары газдандырылатын болады. Осылайша облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газға қосылған ауылдардың саны 46-ға жетеді.
Тұрғындарды таза ауызсумен қамту – өңірдегі шешімі табылған мәсе лелердің бірі. Себебі облыс тұрғындарының 98,4 пайызы орта лықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Осыған сәйкес аймақта 26 елді мекен тұрғындарын ауызсумен қамту бойынша кезеңдік жоспар бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде өңірдегі барлық елді мекендер 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауызсумен қамтамасыз етілмек.
− Биыл ауызсумен қамту және су бұру бойынша 13 жоба жүзеге асады. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлінді. Соған орай 82 шақырым ауызсу және 18,4 шақырым кәріз желілері жаңғыртылады. Сондай ақ алдағы уа қыт та жол картасына сәйкес 8 елді мекенді топтық су құбырына қосу және ішкі су желілерін салу, 5 елді мекенде су тұшытқыш орнату арқылы тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту жоспарлануда, − дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.
Аймақта жалпы ұзындығы 10490 шақырым электр желілері және әртүрлі кернеуліктегі 2008 қосалқы станциялар бар. Олардың тозу деңгейі 66 пайызды құрайды.
Биыл электр жүйелерінің құрылысы мен жаңғырту жобаларын жүзеге асы руға 5,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 374,5 шақырым электр желісі мен 67 қосалқы станцияны қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде тозу деңгейі 66 дан 64 пайызға дейін төмендетіледі деп күтілуде.
Жылумен қамту нысандарын жаңғырту жұмыстары да өз деңгейінде жүруде. Оған 12 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде «Қызылорда жылу электр орталығының» Оңтүстік қазандығының үш бу қазандығын жаңғыртуға бюджеттен 2 млрд. 700 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.
− Жергілікті бюджет және кәсіпорын өз қаржысы есебінен 2 газтурбиналық қондырғының генераторы мен 11 қазандық күрделі жөндеу, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс 65 пайызға орындалды. Облыс аумағында 216 шақырым жылу желілері бар. Тозу деңгейі – 44,6 пайыз.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 6 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 9,5 шақырым жылу желісінің 3,1 шақырымы жүргізіліп, 33 пайызға орындалды. Облыс аумағында 1067 әлеуметтік нысан бар. Олардың қысқы маусымға дайындығы 65 пайызды құрайды, − дейді басқарма басшысы.
Облыста көптен күткен, заманауи үлгідегі ауқымды жоба жүзеге асуда. Ол − 240 МВт электр энергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығының құрылысы. Жобаның жалпы құны – 215 млрд. теңге.
Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа салынған тарапынан инвестиция көлемі 70 млрд. теңгені құрап, жыл аяғына дейін 120 млрд. теңгеге жетеді негізгі деп күтілуде. Сондай-ақ қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, тамыз айынан бастап құрылыс алаңына жеткізіледі деп жоспарлануда.
Станция құрылысы 2025 жылдың тамыз айында аяқталып, іске қосылатын болады.
Өңірде тағы бір мәселенің түйіні тарқатылмақ. Қала халқының ыстық суға қол жеткізетін күні алыс емес.
Өткен жылы Мемлекет бас шысының облысқа жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілді. Осыған сәйкес аймақта бірқатар жұмыс атқарылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда қала сының аумағында 804 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 6 үй ыстық сумен қамтамасыз етілген. Ал 191 үй ыстық су жүйесіне қосуға дайын болса, 184 үйді қосу мүмкін емес, ал 423 үй қаржыландыруды қажет ететін көрінеді.
− Қаланың ыстық сумен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қаржыландыруды қажет ететін 423 үй қажет бойынша жоба сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жал пы құны – 26,2 млрд теңге. Қазіргі таңда бұл жұмыстарды жүргізуге ҚР Үкіметінің резервінен 11 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін 187 көппәтерлі тұрғын үйге ыстық су жүйесі жүргізілетін болады. Жалпы салада атқарылған жұмыс ауқымды, жаңа жобалар да жеткілікті. Бұл жобалар аймақ дамуына оң өзгеріс әкелмек, − дейді М.Усаин.