Бүгін Қызылорда теміржол вокзалында жолаушылар мен вокзал қызметкерлерімен «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының өкілдері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында кездесті.
Кездесуде ақпараттық насихат тобының мүшелері «Арман» ЖШС директоры, Мейрамбек Есжанов, Теміржол партия филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева Мемлекет басшысы Жолдауының басым бес бағыттарына тоқталып, кеңінен талқыланды.
Жолдауда көрініс тапқан ауқымды реформалар, оның ішінде, зейнетақы және білім беру жүйесі, төменгі жалақы деңгейін көтеру, медициналық қызмет, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау, Ұлттық қор табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару және басқалар бойынша шешімдер, жолаушылардың ойынан шықты.Қатысушылар өз ұсыныстармен көкейлерінде жүрген пікірлері де айтылды.
Кездесу барысында ақпараттық насихат тобының өкілдері Жолдауды іске асыруға белсенді қатысатуға шақырып, жолаушылардың діттеген жеріне аман-есен жетуін тіледі.

ЖОЛДАУ2022

AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған