Бүгін «AMANAT»партиясы облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов пен Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес төрағасы Нұриддин Әмитов Жаңақорған және Шиелі аудандарында болды.Онда денсаулық сақтау саласы өкілдері және кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныс – пікірлерін тыңдады.
Мәселен, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық аурухана ғимаратында өткен кездесу барысында тұрығындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері сөз болып, осы орайда қордаланған мәселелер талқыға салынса, Шиелі ауданы кәсіпкерлерімен болған кездесуде кәсіпкерлікті дамыту, қолдау, қайтарымсыз несие, жер мәселесі, салық заңдылықтары аясында мәселелер сөз болды.
Мұнан соң аудандық партия филиалы ғимараттарында аумақтық партия филиалдары жанындағы қоғамдық кеңестер мүшелері және партия белсенділерімен кездесіп, қоғамдық кеңес жұмысын жетілдіру мақсатында ой бөлісті. Сондай-ақ тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің алдын-алу, шешу мәселелерін пысықтады.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған