Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен экономиканың нақты секторын қаржыландыру және Үкімет қаулыларының жобалары талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы өткізген мәжілісте күн тәртібіндегі және басқа да маңызды мәселелерге орай жауапты сала басшыларына тапсырма берілді.

– «Биыл ел экономикасының 107 пайыздық өсімін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Өңірлер межесін Ұлттық экономика министрлігі әзірлеуде.

Біз қаржыландыру көздерін тиімді ұйымдастырып, экономикалық өсімге қол жеткізуіміз қажет.

Бүгінде мемлекет бизнесті қолдап, ынталандыруда. Өткен жылы кәсіпкер лікті қаржылай қолдауға барлық көзден 78 млрд. 651млн. теңге бағытталды. Мемлекет басшысының, Үкіметтің жан жақты қолдауымен ауыл шаруашылығы саласының дамуында оң динамика қалып тасты. Жыл сайын субсидия, жеңіл де тілген несие беруге қомақты қаржы бөлінеді.

Жақын күндері көктемгі дала жұмыс тары басталады. Егін егу науқанына қажетті жанар-жағармай, техника, тыңайт қыштардың нақты көлемін есептеп, дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етіңіздер. Бұл жұмыстарға қала, аудан әкімдері де жауапты. Науқан еш кедергісіз өтуі үшін барлығын жүйелі ұйымдастырыңыздар.

Тұрғындарға электр энергиясын, жылуды, суды және газды үздіксіз беру де ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Мемлекет басшысының тапсыр масына сәйкес биыл халықты орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтуымыз қажет. Газдандыру деңгейін 82 пайызға жеткіземіз. Тиісті орталық атқарушы органдармен жұмыс жасап, жобаларды республикалық бюджет қаржысы есебінен барынша қаржылан дыру қажет, жетпеген бөлігіне арнайы қорларды, демеушілерді тарту керек.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқар масы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін жоспарланған жобаларды басты назарда ұстаңыздар. Биыл салынатын, сатып алынатын пәтерлердің сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Жоба сметалық құжаттамаларды әзірлеудің тиімділігін қарау жөніндегі кеңес жұмысын жандандырып, алдағы уақытта ең қажетті жобаларды бірінші кезекке қойыңыздар», – деді Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі жаңа авто вокзалдың жұмысы бір жүйеге қойыл мағанын айтып, барлық автобустың жаңа автовокзалдан қатынауын міндеттеді. Басқосуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған медициналық нысандардың сапасына қатысты да сын айтылып, жақын арада кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тапсырма берілді.

Құрылыс саласындағы өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік осал топтар үшін сатып алынған тұрғын үйлер сапасы. Ай мақ басшысы тұрғын үй қорына мониторинг жүргізіп, қорытындысын 1 аптада ұсынуды тапсырды. Егер аудан әкімдерінің берген ақпараттары нақты жағдайға сәйкес келмесе, тиісті кадрлық шешімдер қабылданатынын да қатаң ескертті.

Жиын соңында Қызылорда қаласы, аудан әкімдеріне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарла масы аясында санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту, әлеуметтік, кәсіп керлік нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру, ойын алаңдарында, саябақтар мен аллеяларда сенбілік ұйымдастыру бойынша тапсырма берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған