Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қызметінен босатылды.
Тиісті жарлыққа Президент қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды», делінген құжатта.
Бұл қызметке ол 2020 жылы тағайындалды.