Қызылорда облысы әкімі Н. НӘЛІБАЕВ:»МЕРЗІМІНДЕ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕСІ»

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың 1 кыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отыры сында «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

Мемлекет басшысы «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп атап өтті.

Облыс бойынша 7 ай қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемінен басқа барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қалыптасты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 1,4 пайызға (42,6 млрд.теңге), инвестициялар тарту – 11,5 пайызға (157,2 млрд.теңге), құрылыс жұмыстары көлемі – 6,1 пайызға (42,0 млрд. теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 4,7 пайызға (375,8 мың шаршы метр) және сауда көлемі – 1,9 пайызға (321,0 млрд. теңге) артқан. Нәтижесінде тұрғындардың нақты табыс көлемі 116,1%-ға артты. (2021 жылдың қортындысымен 99,9%, республика бойынша ең төменгі көрсеткіш).

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуі негізінен мұнай өндіру көлемінің жылдан-жылға азаюымен байланысты екені белгілі. Мұнай, газ саласындағы жағдайды реттеу және жаңа мұнай кен орындарын анықтау мақсатында өткен жылдан бері «Шу Сарысу», «Арал» және «Сырдария» шөгінді бассейндерінде геологиялық – геофизикалық зерттеу жұмыстары қолға алынды.

Облыста газ қорының бекітілген көлемі 46,9 млрд. текше метрді құрайды. Сонымен қатар болжам бойынша тағы 140 млрд. текше метр шамасында газ қоры бар.

Мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің төмендеуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау жұмыс тарымен бірге аймақта газ қорларын игеру жұмыстарын Энергетика министрлігімен бірлесіп қолға алдық. Бұл өңір үшін мұнай өндірудің төмендеуінен туындайтын қиындықтардан арылтып, мұнай және мұнай-сервис компанияларында жұмыс орындарын сақтаудың тез, әрі оңтайлы жолы болмақ.

Экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустрияландыру бағдарламасы аясында биыл құны 7,8 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар жылына 1500 тонна құс етін өндіретін «Қармақшы құс» құс фабрикасы, 324 тонна балық өңдейтін «Тұрған-тамы» цехы және 3 500 тонна тауық етін қайта өңдеу бойынша «Абдулла» құс фермасы.

Индустрия саласына инвестиция тартуға және кіші және орта кәсіпкерлік белдеуін құруға мүмкіндік беретін ірі жобамыз, ол – шыны зауыты. Оның жанынан 8 ілеспе кәсіпорын кұратын боламыз. Бүгінде инвесторлар композиттік материал, айна, жұқа әйнек аталатын 3 жобаның жобалау жұмыстарын бастады, 5 жобаға инвестор іздестірілуде.

Жақында ғана Арал ауданына іссапар аясында кварц құмын байыту тау-кен комбинатына барып, шыны зауытына қажетті өнімді өндіру барысымен танысып қайттым.

Алдағы уақытта өңір экономикасының дамуына тың серпін беретін «Шыны зауыты» айналасында шыны кластерін, «Кальцийлендірілген сода» жобасы айналасында химия кластерін, Шалқия қорғасын-мырыш және Баласауысқандық ванадий кен орындарында кен байыту комбинаттарының құрылысын жүргізе отырып металлургия кластерін құруға толық мүмкіндіктеріміз бар. Бұл салалар дәстүрлі мұнай өндіру, күріш және тұз өндірісі салаларымен қатар экономиканың жаңа бағыты болмақ.

Өткен айда облыс орталығынан 3 ірі нысан – Өнер орталығы, Неке сарайы, Қан орталығының құрылысы басталды. Мемлекет Басшысы Жолдауда елімізде отандық бизнестің дамуына тағы ерекше мән берді. Биылғы жылы экономиканың бұл секторын қаржылай қолдауға барлық көздерден 20 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде, тек 15,4 млрд. теңге қаражат банктер мен қаржы ұйымдары арқылы жеңілдікпен берілетін болса, 4,8 млрд.теңге қаржы кәсіпкерлік бастамаларға қайтарымсыз негізде табысталуда.

Бүгінде шағын және орта бизнестің 700-ден астам жобасына қаржылай қолдау көрсетілді.

Президент тапсырмасына сәйкес келер жылдан бастап жастар кәсіпкерлігін қолдауға жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие берудің тетігі іске қосылмақ. Біз кәсіппен айналысуға ынтасы бар жастарды, әсіресе, ауыл жастарын еңбекке тартуымыз қажет.

Президент елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткенін және «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатына көшу керектігін атап көрсетті.

Бұл бағыттағы жұмыстар өңірде қолға алына бастады. Атап айтқанда Қызылорда қаласында жалпы құны 215 млрд. теңгені құрайтын 240 мегаваттық бу-газ қондырғысының құрылысының жобасы бастау алды.

Айта кету қажет, биылғы жылғы мамыр айында Мемлекет басшысы Түркия еліне іссапары барысында «Екі мемлекет арасында инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылауға және Түрік инвесторларының барлық бастамасын қолдауға және оларға қолайлы жағдай жасауға дайынбыз» – деп атап өткен болатын.

Сол игілікті сапардың нақты нышаны ретінде «Акса Энерджи» түрік компаниясы өкілдерімен бірге жаңа жылу электр орталығы құрылысы нысанының капсуласын қаладық. Бұл Тәуелсіздік алған жылдары өңіріміздегі бюджеттен тыс қаржы көздерінен, яғни шетелдік инвесторлардың қаржысына іске асырылатын ең ауқымды теңдессіз жоба!

Мұнан бөлек аймақта томат зауытын салу бойынша Түркияның ірі компаниясымен бірлесіп, 25-30 млн. доллар көлемінде инвестиция салуға келісімге келудеміз.

Президент бізге халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік тұрмысын арттыруды тапсырды. Бұл ретте биылғы жылдың 31 тамыз күні Мемлекет басшысының қабылдауында болып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде баяндадым. Қабылдау барысында бірінші кезекте аймақ экономикасына тікелей әсер ететін мәселелер қамтылды.

Атап айтқанда: Сырдария трансшекаралық өзенінің ресурстарын бөлу жөніндегі халықаралық келіссөздерде Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан экономикаларының қажеттіліктерімен қатар Кіші Арал теңізін судың жеке тұтынушысы ретінде ескеру қажеттілігі.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагис[1]тралінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі учаскесін екінші санаттан бірінші санатқа ауыстыру мәселесі.

Қызылорда қаласында 300 орындық жаңа көп бейінді (онкологиялық бөлімшесімен) аурухана құрылысын салу.

Аймақтың өзіндік әлеуеті жетпейтін және орталық деңгейде қолдауды қажет ететін мәселелерді шешу үшін Қызылорда облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту.

Президент тарапынан Үкіметке осы бағыттағы нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Соған сәйкес облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының жобасы әзірленуде.

Жоспар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік салаларда қордаланған мәселелерді шешуді көздейтін іс-шаралардан тұрады. Жақын арада Жоспар жобасын Үкіметке жолдап, пысықтайтын боламыз. Бұдан бөлек Президентке демеушілер есебінен қолға алынған жобалар және облыста салынып жатқан жаңа құрылыс нысандары бойынша баяндадым.

Мемлекет басшысы өңірде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдағы уақытта Үкіметпен, орталық мемлекеттік органдармен бірігіп осы бағытта жұмыс атқаратын боламыз.

2022 жылға Қызылорда облысына жалпы сипаттағы трансферттердің жеткізілген көлемі 236,7 млрд.теңге, оның ішінде субвенция 184,3 млрд.теңге, өз кірістері 52,4 млрд. теңге болып тұр.

Ұлттық экономика министрлігі жұмыс тәртібінде ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылға Қызылорда облысының шығыстар болжамы 479,5 млрд.теңгені (202,5%), оның ішінде субвенция 393,9 млрд.теңге (оның ішінде 171 млрд.теңге базаға енгізілетін ағымдағы нысаналы трансферттер) (213,7%), түсімдер болжамы 85,6 млрд.теңгені құрайды.

Бұл өткен жылғы қаржымен салыстырғанда екі есеге артық.

2022 жылғы 31 тамыздағы ҚР Үкіметінің қаулысымен «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы қабылданды. Заң жобасының қосымшасына сәйкес 2023 жылға даму трансферттерінің көлемі 44,1 млрд.теңгені немесе 2022 жылмен салыстырғанда өсім 194%-ды құрайды. Бұл мерзімінде сапалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Қазіргі уақытта Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер көлемін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 (Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінен)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған