Аталған функцияны жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үйді бөлу кезінде оның көп бөлігі есепке қою күніне қарамастан осындай басым құқығы бар азаматтарға беріледі.
«Заң жобасында азаматтардың кейбір санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктер мен басымдықтарды қайта қарау ескерілген. Мәселен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтардың белгілі бір санаттарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы меншігіне тегін алу құқығы көзделген. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй алу кезінде бірінші кезек құқығы қарастырылған. Қазір кезекте 176 мыңға жуық бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығы бар азамат қамтылған (ҰОС ардагерлері — 51 адам, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар — 62,6 мың адам, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар — 113,3 мың адам)», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Себебі, бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа санаттары арасында наразылық пен әлеуметтік шиеленіс туындатады.
«Осы тәуекелдерді жою мақсатында заң жобасында көрсетілген басымдықтар қайта қаралады. Ол тұрғын үйді бөлудің жаңа тәсіліне байланысты. Бұл принцип халықтық әлеуметтік жағынан осал топтарының барлық санаттары арасында баспананы әділ бөлуге мүмкіндік береді», — деді министр.
Сонымен қатар, мемлекеттік міндеттерді, әскери қызметті атқару және құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы норма заң жобасына енгізілді.
«Заң жобасында сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік немесе қоғамдық міндетін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуі ескерілген», — деді министр.
#мемлекеттікқызмет #қазатапқандар #үйберу #отбасы