Бүгін қала әкімі Серік Қожаниязов мемлекеттік қызметші күні қарсаңында бірқатар мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.
Салтанатты шарада шаһар басшысы «Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әділетті Қазақстанды құру ісінде мемлекеттік қызметшілерге ерекше міндет жүктелетінін айтып, «Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», – деген болатын. Расында, ел сеніміне селкеу түсірмеу – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл ретте, халық ұйғарған жұмысты қалт жібермей, мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға жету жолында адал қызмет етуді азаматтық парызы санаған барша әріптестеріме шексіз алғысымды білдіремін», – деді.
Мереке қарсаңында қала әкімдігінің бірқатар мемлекеттік қызметшілерінің еңбектері еленіп, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, Кәсіподақтың «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, облыс және қала әкімдерінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының «Үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісі Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Жүнісова Роза Талғатқызына, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы Мұстафаева Гүлсім Жұмашқызына табысталды.
Сонымен қатар, қала әкімі аппаратының және кент, ауылдық округтердің, дербес бөлімдердің үздік қызметкерлері облыс және қала әкімінің «Алғыс» хаттарымен марапатталды.