Бүгін партияның қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Басқосуда депутаттық фракция мүшелері ҚР Президентінің халыққа жолдауынан туындаған мәселелерді талқылап, депутаттық фракция мүшелері Ибраким Басықараев пен Жаннат Садвакасова өзекті мәселелер аясын баяндады.

– Темір жолымыздың жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асады. Сондықтан оны ел экономикасының күретамыры деп айтсақ та болады. Өйткені жүктің 70 пайызы, жолаушылардың 60 пайызы темір жол арқылы тасымалданады. Мұнай мен көмірге, металл кендеріне, астыққа бай еліміз бұл мол қазынаны тасымалдағанда, экспортқа шығарғанда көбіне темір жол қызметіне жүгінеді. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазахстан халқына Жолдауында атап өткен стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану. Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатқандығы қуантады. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар екендігін, Қазақстан аумағының солтүстігі мен оңтүстігін, батысы пен шығысын байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқандығын атап өтті,-деді И.Басықараев.

Ал Жаннат Мылтықбайқызы мемлекет басшысының әлеуметтік және білім саласына қатысты, отбасының, баланың зорлық-зомбылығына қатысты пікірін білдірді.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған