Тағы бір жаяу жүргіншілерге арналған көпір қаладағы Назарбаев даңғылында бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт қаңырап, бос тұр. Пайдалануға берілгеніне бірнеше жыл өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт берілген уақыттан бастап жұмыс істемейді деп нақты айтуға болады. Лифттің іші мен сыртын шаң басып бос тұр. Арбадағы жандар жолдың арғы бетіне қалай өтеді деген бір ғана сұрақ бар? Кезінде бұл аспалы көпір «Ақылды қала» жобасы аясында салынған. Яғни мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жағдай жасау үшін арнайы лифт орнатылды. Қазіргі уақытта «Ақылды көпір» кімге қызмет көрсетіп тұр? Алдағы уақытта «Игі жақсылар» лифттің жұмыс істеуін қадағалап, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантады деген сенімдеміз.

Мұхаммедшах Каюп

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған