Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Теміржанов Мұрат Баритұлы арнайы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Іссапар барысында жер ресурстарын тиімді пайдалану, жер қатынастарын дамыту, жер кадастрлық жұмыстарын жүр­гізу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер­ді ұтымды пайдалану мәселелерін талқылап, сала маман­дарымен және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен кездесті. Жергілікті департаменттің көкейінде жүрген бір­қатар маңызды мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасады.

Сонымен қатар, облыстағы бірқатар нысандарды аралап, жер ресурстарын цифрландыру, жердің пайдаланылуы мен қорғалуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Комитет төрағасы сапар қорытындысымен бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жер ресурстарын басқару сала­сында тиімді шараларды қабылдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаменті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған