Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, “Сыр елі – жыр елінің” Алмасбек Алматовы мерейлі 70 жасқа толды. Осыған орай Қызылордадағы “Өнер орталығында” «Жыр керуені» атты шығармашылық кеш өтті.
Атап айту керек қандай қиын кезеңдерде де Алмасбек Нұрмаханұлы жыр өнерін күнкүріс қамымен пұл етпеді, табыс көзіне айналдырмады, сахнадан төмен түсірмеді. Барлық уақытта жыр өнерінің шоқтығын биік ұстады. “Қызықтағанның қолында” кетірмеді. “Қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға шоқыттырмады”. Шәкірттерін де өнер адалдығына үйретті.
Өнерге деген осы адалдығы оны ел арасында АЛМАТОВҚА айналдырды.
Алмасбек Алматовтың 70 жасына арналған шығармашылық кешінде Қызылорда облысы әкімі Н.Нәлібаев жырауға Сыр жұртшылығы атынан дәстүрге сай шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. Қызылорда облысының “Құрмет” грамотасын, автокөлік кілтін табыс етті.
Сыр өңіріндегі дәстүрлі өнердің дәстүрін кеңейтіп, шәкірт тәрбиелеп, олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына зор үлес қосып келе жатқан өнер қайраткеріне барша көрермен қошемет көрсетті.