Олжас Бектенов Қызылорданың энергетикалық инфрақұрылымының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Алдағы жылу маусымына дайындық аясында Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылорда облысына іс-сапары барысында жаңа ЖЭО құрылысының барысымен де танысты. Сондай-ақ алдағы уақытта шыны кластері құрылатын табақ шыны өндіретін инвестициялық жобаға барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді.

Өңір тұрғындарын 1964 жылы пайда лануға берілген ЖЭО жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда жабдықтың тозуы 75%-ды құрайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 2 949 нысан, оның ішінде 808 көппәтерлі үй қосылған. Биыл осы объектілерді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Президент қойған міндетті іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен 11 млрд теңге, қалалық қазандықтарды жөндеуге тағы 2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылу желі лерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 6 млрд теңге бағытталды. Қабылданып жатқан шаралар жылу трас са ларының тозуын 42%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Премьер-Министрге жылу қуаты сағатына 277 Гкал болатын жаңа ЖЭО құрылысының қарқыны туралы баяндалды. Қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары аяқталды, жабдықты орнатуға негіз қалануда. Алаңға 600-ге жуық адам және 60 бірлік техника жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Нысанды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда инвестор жобаны іске асыруға 70 млрд теңгеден астам инвестиция салды.

Олжас Бектенов ел экономикасының белсенді дамуына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қосылуына байланысты қосымша энергия қуаты қажет екенін атап өтті.

Қызылорда облысының әкімдігіне газ жеткізуші құбыр мен ЖЭО құрылысын уақытылы аяқтау, сондай-ақ барлық объектілердің жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған