Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебі бойынша өткен жыл еліміздегі отбасылардың 50,5%-ы ғана, яғни 10,4 млн. адам ғана жақсы, немесе қанағаттанарлық дәрежеде тұрмысы болған. Қалған 49,5% отбасы, немесе 9,1 млн. адам проблемалы деңгейге жатады.
Сарапшылар пікірінше: “Ұлттық статистика Бюросы тұрғындардың кірісі мен шығысын есептегенде кіріс көлеміне қарай азаматтардың бәрін 10 топқа бөледі. Әрі әрқайсысының көрсеткішін салыстырады. Мәселен, өткен жылы кем дегенде 10% қамтамасыз етілген тұрғындардың орташа айлық кірісі жан басына шаққанда 33,5 мың теңге болды. Бұл 2021-ші жылмен салыстырғанда бар болғаны 4,6 мың теңгеге өскен, яғни 15,8%.
Кем дегенде 10% қамтамасыз етілген азаматтарды айына орташа кірісі 2022-ші жылы 191,7 мың теңге болған. Сонда жылына бар болғаны 11,1%-ға өскен.
Ал, бай қазақстандықтардың орташа кірісі медиандық деңгейден өте алыс. Бұл топ айына 200 мыңнан 1,7 млн. теңгеге дейін табыс табатындар жатады.
Жалпы өткен жылы күнкөріс деңгейінен төмен табысы барлардың үлесі өзгермеген. 2021-ші жылдағыдай кедейлер саны 5,2%. Бір қарағанда ештеңе жоқ. Алайда, біріншіден жалпылай үлес деңгейі өзгермегенімен кедейшілікте өмір сүретін қалалықтар 3,8%-дан 4%-ға, ал ауылдағы кедейлер 7,2%-дан 7,3-ға көбейген.
Екіншіден, өткен жыл кедейлердің абсолютті саны 39,7 мың адамға көбейген. 2021-ші жылы кедейлер 992,1 мың болса, 2022-ші жылы 1,031 млн. адам болып отыр. Әсіресе, қала кедейлері 12%-ға көбейген – дейді finpram.
Зерттеу бойынша 2022-ші жылы аздап қамтамасыз етілгендер тобындағылардың кірісі күнкөрістің төменгі деңгейіне пайызы 76,8 ғана болып отыр. Демек, кіріс кіру деңгейі алдыңғы жылдан төмен. Тапқан табысына бұл топтағылар алдыңғы жылмен салыстырғанда аз ғана сатып ала алады.
Жалпы өткен жылы аз қамтамасыз етілген топтың тұтыну шығыны 15,9%-ға өскен. Азық-түліктің қымбаттағанынан бөлек, киім, ақылы қызметтердің бағасының өскені де жұрттың кірісін жеп қойған.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар