Ойламаған жерден картоп бағасы көтеріліп кетті. Дүкенге барғанда оның бір келісінің бағасы 400 теңгеден асып кеткенін көріп, ала жаздай картоп егіп, өткізген дихан да, оны алдында ғана ең әрісі 200 теңгеден сатып алған сатып алушы да аң-таң

Дихан айтады, ала жаздай жеткілікті етіп егіп, күзде арзанға өткізгенмін. Бағаны тұрақтандыратын қорлар “бізде бәлен тонна картоп бар, елдің бәріне жетеді” дейді. Сатып алушы “онда неге аяқ астынан картоп қымбаттады?” деп сұрақ қойып әлек. Сөйтсек, Сауда комитеті төрағасының орынбасары Е.Жәутіков те “биыл Ресейде картоп аз шықты. Өзбекстан да импортты айтырлықтай арттырды. Сол себепті қазақстандық фермерлер өз өнімін сыртқа көптеп сата бастады.

Біз картопты сыртқа көп саттық. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Мәселен, 2023 жылы 400 мың тоннаны экспорттасақ, былтыр бұл көрсеткіш 600 мың тоннаға жетті. Қазіргі кезде республика бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге болып тұр. Ал Астанада одан қымбат. Мен өзім кеше ғана ірі сауда желісінде картоптың бір келісін 430 теңгеге сатып алдым”,- деп аң-таң болып тұр.

Ресми орындардың ресми мәліметіне сәйкес, фермерлерде шамамен 600 мың тонна картоп бар. Ал тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна жатыр. Бұның барлығы ішкі сұранысты толығымен өтей алады. Оған қоса, 16 қаңтарда қазақстандық картопты үшінші елдерде сатуға тыйым салынды. Бірақ ЕАЭО аясында сата беруге болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған