Заман ілгері жылжып дамыған сайын, қажеттіліктердің де қоса артары белгілі. Қоғам қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көпірдің де рөлі орасан зор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2022 жылдың желтоқсан айында берген мәліметіне сәйкес 2010 жылдан бері Қызылорда қаласы, Белкөл кентінде темір жол желісінің үстінен өтетін көпір салу мәселесі шешімін таппай келді. Кентте теміржолдың арғы бетінде 1 мыңнан аса тұрғын тұрады.
Ал, оң жақ бетінде, бірқатар әлеуметтік нысандар: мектеп балабақша, амбулатория және тағы да басқа ғимараттар бар. Осы орайда, құны 225 миллион теңгені құрайтын көпірдің құрылысы 2021 жылы басталып, 2022 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді. Құрылыс жұмыстары созылып, уақытылы аяқталмауына байланысты, Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеру жүргізіп, нәтижесінде мердігердің жұмысында бірқатар ауытқушылықтар анықталып, 69 миллион теңгенің жұмыстары орындалмағаны белгілі болды.
Арада 4 ай уақыт өткеннен кейін Асылбек Шаменов бастаған игі жақсылар наурыз айының басында көпірдің ашылу салтанатын өткізді.
27-наурыз күні қала әкімі Асылбек Шаменов Белкөл кентінің тұрғындарымен кездескен уақытта, тұрғындар пайдалануға берілген көпір қирап жатқандығы туралы айтты. Сол кезде шаһар басшысы көпірдің тазалығына күтіп ұстауына, жыл сайын қаражат бөлінетінін айтып, бұл мәселені шешу керек екендігі туралы айтқан болатын. Кездесуден кейін 2 апта уақыт өтті. Айтылған мәселе шешімін тапты ма деген оймен біз күні кеше Белкөл кентіне қайтадан барып көрген болатынбыз.
Бірақ өкінішке орай, мәселе әлі де шешімін таппаған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифттің есігі жөнделмеген. Ең сорақысы лифттің өзі жұмыс істемейді. «Басшылар келген уақытта ғана лифтті іске қосып, қалған уақытта жұмыс істемейді ме?» Мүгедек адамдар қалай теміржолдың арғы бетіне өте алады? Көпірдің айналасы қоқысқа толы және белгісіз біреулер құсып кеткен. Белкөл кентінің тұрғыны көпірдің қасында дәрет сындырып тұр. Яғни пайдалануға берілген көпірдің әжетханаға айналғаны ма?
Екінші жағынан тұрғындардың тарапынан да дұрыс емес. Қанша жыл күткен көпірді ластамай, сындырмай ұстауға болады. Қала әкімі айтпақшы қаладан барып, ешкім сындырмайды. Сондықтан да бұл мәселе шешімін табады деген ойдамыз.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар