«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы әйелдерге ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақы артады.
2023 жылы оның мөлшері:
4 балаға – 16,03 АЕК немесе 53 303 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 972 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 110 607 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК (13 800 теңге) қосылады.
Бұдан бөлек, 2020 жылдың қаңтарынан кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы отбасыға бала санына қарай төленеді.