QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Әйелдер арасында жасалатын қылмыстың жиі кездесетін түрі, алаяқтық

ByQAA.kz

Қыр 25, 2020

Алаяқтық –бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену болып табылады.Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жан-жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстық жауапқа тарту және айыпты деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағанын анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады. Қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің сипаттамасынан құралады. Олай болса, бұл мәселелерді алаяқтық құрамына қатысты қарастыратын болсақ, мұндай қылмыстардың сырын түбегейлі білуге болады.

Әйелдер көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық қол сұғушылық заты болып ақша табылады. Әйелдердің мұндай алаяқтық қылмысқа баруларының себебі, өзінің материалдық құндылықтарын толығымен қамтамасыз ете отырып, жоғарғы сатыға көтерілуді көздеуі.

Әйел адамдарда қорқытып алушылық – сараңдық, өзімшілдік, қатыгездік, азғындық пен шектен шығушылық қасиеттерімен сипатталады. Көпшілік жағдайда қорқытып алу қылмыстары ер адамдармен жасалады, ал әйел адамдары тек топ құрамына кіру арқылы қылмыс жасауға қатысады.

Жалпы қазіргі таңдағы әйелдер қылмыстылығының жан-күйін, алдын алу шараларын терең зерттеу өте маңызды міндет. Әйелдер қылмыстылығының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне тигізетін әсері мол. Егер әйел адам қылмыс жасап, қоғамға қайшы түрде өмір сүретін болса, онда жанұядағы болатын жағымсыз жағдайдың өзі жасөспірімдерді жат қылықтардан жасай бастауына дағдыландыратыны анық.

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маман сот отырысының хатшысы А.Мыханова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған