Жалағаштықтар да Наурыз мейрамын ерекше атап өтті. Аудан әкімі А.Есжановтың Қызылорда қаласының әкімі орынбасары, облыстық мәдениет басқармасының басшысы болған тәжірибесі шын мәнінде мерекені басқаша өткізуге әсер еткені сөзсіз.
Қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп, қазақы салт-дәстүрлерден, әдет-ғұрыптарынан ұлттық нақышымызды айқын[1]дайтын көріністер қойылып, ән мен күй әуелеп, ізгі тілектер айтылды.
Аудан тұрғындарына арналып дастархан жайылды, Наурыз көже таратылды.
Мерекеде аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темір[1]бекұлы өмірге алғаш қадам басқан жас сәбидің тұсауын кесіп, бүлдіршінге ақ батасын беріп, аудан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.
Сыр өңіріндегі өзіндік орны бар туған жеріміздің гүлденуі жолында атқарылған ауқымды жобалар мен оң бастамаларға тоқталып өтті.
Театрландырылған көріністен бастау алған ұлық мереке күміс көмей әншілердің, күйшілер мен мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасты.
Азаматтары адал еңбек қылуды үрдіске айналдырған Далдабай елді мекенінде Наурыз мерекесі тойланды.
Күнделікті күйбең тірлікке бір сәт тоқтау жасап, бір кісідей ауыл орталығына жиналған жақсылардың үлкені елге батасын беріп, әжелер әнін шырқап, аға-жеңгелер қазан асып, жастар алтыбақан теуіп, балалардың барлығы ауылды айнала жарапазан айтып, бүлдіршін сәбидің тұсауы кесіліп, ұлыстың ұлы күні алғашқы қадамын басты.
Наурызды нақышына келтіріп тойлап жатқан ауыл тұрғындарының берекесі тасып, елдің бірлігі ажырамысын.
Таң ауылында азаматтар арқан тартысты, қол күресті, гір тасын көтерді, елдің тізгінін ұстар ұқпақ болсын деген ниетпен ұлдарына ат мінгізді.
Сайыстан оза шапқандар марапатталып, бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.
Аққұмда ақжаулықты аналарға құрмет көрсетті.
Сондай-ақ мереке қарсаңында ат спорты қайта жаңғырды. Бәйгеге жүйріктер қосылып, палуандар көкпар тартысты.
Аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш кенті Дәуімбай учаскесіндегі Наурыз тойына қатысты.
Ел бірлігін көрсеткен бұл тойда қазан асылып, киіз үй тігілді. Елдің азаматы болсын деген ниетпен аудан басшысы бүлдіршіннің тұсауын кесіп, жүрек жарды тілегін білдірді.
– Біздің рухани байлығымыз – материалдық байлықтан да бағалы жәдігер. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық рухымызды көтеріп, елдігіміздің еншісін келтіріп жатқан жомарт азаматтарға алғысымды айтамын. – деді, аудан әкімі.
Жалағаш ауданы бойынша Наурыз мерекесі өз жалғасын табуда.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар