Құрбан айт мерекесі Оразадан 70 күн кейін тойланады. Қазақстан азаматтары Құрбан айтта үш күн – 15, 16 және 17 маусымда демалады.
Биыл Құрбан айт 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түсіп тұр. Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.
Осылайша, маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады: 1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.
Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады: 1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.