Сырда туған сырбаз ағайынның қуанышы еселенуде. Өткен жылы жөндеу жұмысына жабылған Орталық алаң жаңарып, жасанып, шаһарымыздың көз қуанышына айналып шыға келді. Онда қазір субұрқақ та, балаларға арналған ойын алаңқайлары, жаңадан төселген брусчатка, ең қызығы жаңа жарық шамдар мен орындықтар қойылған. Бұған дейін орталық алаңда орындық сирек болғанымен, қазір олардың саны артып, тұрғындардың заманауи жағдайдағы аумақта емін-еркін демалуына жоғары жағдай жасалды. Мемлекеттің ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын санасақ санап біте алмауымыз мүмкін, осы орайда көзге көрік беретін, көңілге шаттық сыйлайтын Орталық алаң осы жұмыстардың маңдай алдысына айналып тұр.
Орталық алаңның бүгінгі келбетіне қала тұрғындарының көңілі тола ма, олардың пікірін білген едік.
– Қызылорда қаласының Орталық алаңы жаңартылып, пайдалануға берілгені біз үшін үлкен қуаныш. Бұл орын тек қала сәнін ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың бос уақытын өткізуге арналған тамаша мүмкіндік береді. Жаңа алаңның құрылыс жұмыстары жоғары деңгейде орындалғанын айта кеткен жөн. Әсіресе, алаңдағы балаларға арналған ойын алаңдарының болуы ата-аналарға үлкен қуаныш сыйлады. Менің бала-шағам бұл жерде уақытын қызық ты, әрі қауіпсіз өткізіп жатыр. Жаңартылған жасыл аймақтар, жаяу жүргіншілер жолдарымен демалыс орындары барлығымыз үшін өте қолайлы болды. Сонымен қатар алаңда орнатылған жаңа жарық-шамдары мен отыратын орындықтар да тұрғындарға жайлы жағдай жасады. Алаңның сәулеттік шешімдері көз тартады және қалаға заманауи көрініс береді. Осындай жобалар қаламыздың даму деңгейін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады деп сенемін. Облыс және қаламыздың әкімдеріне осы жоба үшін алғыс айтамыз, болашақта да осындай игі бастамалардың жалғасын табатынына үміттенемін, – деді қала тұрғыны Гүлмира Жақсыбай.
Ал енді бірі орталық алаңның танымастай болғанын, таңданысын жасырмады.
– Алғашында келгенде жөндеу жұмысынан кейін орталық алаңды танымай қалдық. Бұл алаң тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды. Құрылыс жұмыстары өте сапалы жүргізілген, жаңа алаңның барлық элементі біздің қажетімізге сай келеді. Атап айтқанда балалар алаңдары өте ыңғайлы және қауіпсіз болып жасалған, бұл – менің балаларым үшін үлкен қуаныш. Сонымен қатар алаңдағы көгалдандыру және гүлзарлар қалаға ерекше көрік беріп тұр. Жаңа жаяу жүргіншілер жолдары мен орындықтар күнделікті серуендеу үшін қолайлы болды. Қала тұрғындарының осындай жайлы жерде демалуына жағдай жасаған әкімдерге ризашылығымды білдіремін. Алаңдағы жарықтандыру жүйесі де кешкі уақытта өте тиімді, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Орталық алаңның жаңаруы Қызылорда қаласының дамуындағы маңызды қадам деп ойлаймын. Болашақта осындай жобалардың жалғаса беруін тілеймін, -деді Ғани Смағұл.
Бұл – қала тұрғындарының пікірі. Жөндеуден өткен алаң сыр бойылықтардың сүйікті орнына айналды және оған қатысты бірнеше себеп бар.
Бірінші себеп – тартымдылығы мен қолайлылығы. Жаңартылған алаң әсемдік пен заманауи архитектураны үйлестіре отырып, қала көркін ажарландырып тұр. Жаңа дизайнерлік шешімдер, кең жолдар, демалыс орындары мен гүлзарлар тұрғындардың көзін қуантады. Бұл алаң кез – келген маусымда өз тартымдылығын жоғалтпайды, қыста қар жауған кезде де, жаздың аптап ыстығында да серуендеуге қолайлы.
Екінші себеп – демалыс мүмкіндіктерінің көптігі. Алаңда балаларға арналған ойын алаңдары, спортпен шұғылдануға арналған алаңқайлар, жасыл желекпен қоршалған тыныш орын дар бар. Мұнда тұрғындар отбасы мүшелерімен бірге келіп, демалып, спорт пен айналыса алады. Жастарға арналып салынатын скейт парктің де көпшіліктің көңілінен шығатыны на сенімдіміз. Жобаның алғашқы ұсыным дизайнында скейд паркті кездестірдік. Көп өтпей ол да алаң төріне салынатынына сенім мол.
Үшінші себеп – мәдени іс-шаралардың өткізілуі. Жаңартылған алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени іс-шаралар мен фестивальдердің орталығына айналды. Мұнда жиі концерттер, көрмелер, жәрмеңкелер өткізіліп тұрады. Алаңда өткізілетін іс-шаралар қала мәдениетінің дамуына, халықтың рухани баюына ықпал етеді.
Төртінші себеп – экономикалық пайдасы. Жаңартылған алаң қала экономикасына да оң әсерін береріне сенім мол. Мұнда орналасқан жаңа нысандар алдағы уақытта мейрамханалар мен дүкендерге айналып, жұмыс орындарын ашып, жергілікті кәсіпкерлердің табысын арттыруға септігін тигізеді деген пікірдеміз. Сонымен қатар алаңға келетін демалушылар саны артып келе жатыр.
Бесінші себеп – экологиялық жағдайдың жақсаруы. Алаңды жаңарту барысында жасыл желек аймақтары көбейтілді, бұл қала экологиясының жақсаруына ықпал етті. Тұрғындар таза ауада серуендеуге мүмкіндік алды, бұл олардың денсаулығына оң әсерін тигізуде.
Рас, Орталық алаң танымастай өзгерді. Күндіз шыжыған күннің жылуы жерге тарап, кешкісін қала тұрғындарын жылы құшақпен қарсы алатын Орталық алаң, Арбат бойы ең жоғары бағаға лайық. Қызылорда қаласының даму динамика сынан хабар беретін бұл көріністер ел игілігі үшін қызмет етуге әзір.
Мұхаммедшах МАРАТҰЛЫ