Туған жеріне әкім болып тағайындалғанына әлі ай толмаған Қармақшы ауданының әкімі Еркінбек Жандос Қорқыт баба басына зиярат етіп, Қармақшының үлкен ақсақалдарының батасын алып, әкімдік қызметіне кірісті. Көргені бар деген осы!
Тазалық мәселесі аймақ басшысының күн тәртібінен түскен емес. Осы тұрғыда сыр өңірінің келбеті іспеттес негізге жолдардың да таза болуы маңызды.
Аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш ауданы аумағындағы “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлізінің және Жалағаш кентінен өтетін темір жол бойының тазалық жұмыстарын көрді. Сапар барысында Аққұм, Еңбек, Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округтерінің маңына тазалау жұмыстарын жүргізген қызметкерлердің еңбегіне оң баға беріп, ауыл әкімдеріне ауылдық жерлердегі қоғамдық жұмыспен айналысатын мамандардың санын көбейтуді тапсырды.
Ұзындығы 47 шақырым болатын шойын жолдың мәселелері де Асқарбек Темірбекұлының назарынан тыс қалған жоқ. Сапаржай алаңына шығатын баспалдақтарды жаңартуды және жол бойының тазалық жұмыстарын тұрақты қадағалауды кент әкіміне жүктеді. Ең бастысы – адам өмірінің қауіпсіздігі. Алдағы уақытта аудан тұрғындарының өмір қауіпсіздігі үшін аспалы темір жол көпір салынады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі А. Есжанов тиісті сала мамандарымен бірге Жалағаш кентінде орналасқан трансформаторлардың, электр желілерінің жай-күйімен танысты.
Жалағаш кентіндегі Қазыбек би, Желтоқсан, Н.Алмағанбетов көшелерінде және І.Қабылов – Б.Соппеков, Н.Мырзалиев – К.Рахимов көшелерінің қиылысында орналасқан трансформаторлардың жағдайын көріп, тұрғындардың өмір қауіпсіздігі үшін қоршалуға тиісті трансформаторлардың барлығына қоршау орнатылатынын айтты. Осы орайда тиісті сала басшыларына ауыстыруды қажет ететін электр желілері мен қосалқы стансаларын қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, шұғыл түрде тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.
Сырдария ауданы әкімі М.Ергешбаев кент аумағы, кент орталығын кесіп өтетін теміржол маңы, ауданның үстінен өтетін күре жол «Батыс Қытай-Батыс Еврорпа» автодәлізінің бойын аралады.
Тазалық жұмысына белсене араласып жүрген қызметкерлермен сұхбаттасқан аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы: Аудан тазалығы, айналамыздың көркеюіне белсенділік танытып жүргендеріңіз үшін ерекше алғыс білдіремін. Ауа-райының құбылысына қарамай жұмыстарыңызды адал, әрі тиянықты жасап жүрсіздер. Бұл ауданымызға, онда тұрып жатқан тұрғындарға деген ерекше сыйластықтарыңызды білдіреді. Бұл қызметтеріңізді құрметтеу, елі мен жерін қастерлеу ауданның әрбір азаматы үшін парызға айналу керек деп ойлаймын,-деп, ерекше алғысын жеткізді.
Сонымен қатар теміржол станциясының басшылығымен теміржол аумағын аралап, тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданға жанашырлық танытуларын айтты. Тазалық жұмыстары мен меншіктеріндегі мекемелерді әрлеуді ұйымдастыруды тапсырды.
P.S. Есжанов пен Ергешбаев тапсырманы екі еткізбейді.