Ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт аймақта республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі
Алматы облысында – 3 учаске
1.»Алматы-Ташкент-Термез» – 59-143 шақырым, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек – 84 шақырым.
2.»Алматы-Шелек-Қорғас» – 24-254 шақырым, Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін – 230 шақырым.
3. «Алматы-Өскемен» – 25-124 шақырым, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін – 99 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (қар, ауа температурасының төмендеуі).
Жамбыл облысында – 2 учаске
1.»Алматы-Ташкент-Термез» – 143-238 шақырым, Алматы обл.шек – Қайнар а. – 95 шақырым.
2.»Алматы-Ташкент-Термез» – 159-212 шақырым, Кенен а.-Қордай а. – 53 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).
Қызылорда облысында – 1 учаске
1. «Самара-Шымкент» – 1 802-2 055 шақырым, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).
Түркістан облысында – 1 учаске
1. «Самара-Шымкент» – 2 055-2 082 шақырым, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а. – 27 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).