Шиелі ауданында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясымен Сыбайлас жемққорлыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен көшпелі отырысы өтті.Жиынға Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев және жауапты сала басшылары қатысты.Кеңестің күн тәртібінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар, Шиелі және Жаңақорған аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекет қаржысының тиімді пайдаланылуы мақсатында жасалып жатқан іс-әрекеттер мен мемлекеттік бағдарламалар аясында автомобиль жолдары құрылысын іске асыру мен жергілікті жолдың инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы уәкілетті орган басшыларының есептері тыңдалды.Мәжілістің күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлері арнайы хаттамаға енгізілді.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған